ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

883 көрілім

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті тапсырысы негізінде «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі «Қалалар мен облыстарда ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында 2021 жылдың 27-28 қыркүйек аралығында Түркістан облысында бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының кездесулерде көздейтін мақсаты: халықтың дінтану сауаттылығын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

РАТТ мүшелері Түркістан, Кентау, Сарыағаш қалаларының тұрғындарымен,  Сайрам, Төлеби, Келес, Қазығұрт аудандарында тұрғындармен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ, Түркістан қаласында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен және колледждерде оқитын студенттермен жалпы профилактикалық жұмыс жасалып, семинарлар мен кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 500-ге жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында Түркістан облысының тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамындағы білікті теологтар, дінтанушылар – Б.Мырзаев, С.Оразбай, И.Бердалиев, М.Бесбаев тартылды.

Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер мен идеялар, ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.

РАТТ өткізген кездесулерде дін саласындағы заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына баса назар аударылды.

Жүргізілген жұмыстың соңында ағымдағы жылдың 28 қыркүйекте Түркістан облысы бойынша дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен, дінтанушылармен қорытынды кездесуі өтті.

Талгат АХЫМБЕТОВ,

«Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы