ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

539 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Жәмила Сүлейменова және облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева тұрғындар мәселесіне назар аударды.

Қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Үмбетұлының қоғамдық қабылдауына келген жалғыз басты ана Гүлзира Таштеева баспана алу мәселесін алға тартса, Дилфуза Исмаилова әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін, үлкен ұлына жұмыс тауып беруін сұранды. Депутат бұл екі тұрғынның мәселесі бойынша тұрғын үйді заңға сәйкес, өз кезегі бойынша алатынын, ал келесі өтініш иесіне қаржылай көмек көрсетіп, ұлына алдағы уақытта жұмысқа орналастырып беруіне ықпал жасайтынын жеткізді. Қала тұрғыны Глучичек Гафарова бойында қант диабеті бар азаматша депутаттан қант құрамын тексеретін құрылғыны алып беруін сұрады. Бұл мәселе бойынша Нұрсұлтан Үмбетұлы қала тұрғынының өтінішін қанағаттандырып, аталмыш құрылғыны алып беріп, тұрғынның алғысына бөлінді.

Жәмила Төреханқызының қоғамдық қабылдауына үш балалы жалғызбасты ана Мөлдір Сәрсенбаева науқас қызын мүгедектікке шығара алмай жүргенін баяндады. Депутат бұл мәселе бойынша айналысып, мүгедектікке шығаруға ықпал ететін болды. Қала тұрғыны, үшінші топ мүгедегі Нұрлан Ниматулла қызының денсаулығына байланысты ингалятор құрылғысын алып беруін және өзінің жұмыссыз екендігін айтып, кішігірім саудамен айналысуға жәрдем беруін сұрады. Мәслихат депутаты заң аясында кеңесін беріп, мәселенің оң шешімін табуына ықпал жасайтынын түсіндірді. Ал, көпбалалы ана Нағима Сапарова баларының аурушаң екенін, осыған орай, білікті медицина мамандарына қаратуына көмек көрсетуін өтінді. Жәмила Төреханқызы Нағима Сапарованы алдағы дүйсенбі күні өзіне шақырып, мәселенің шешімін табуына ықпал жасайтынын жеткізді.

Инара Әбдіғаппарқызының қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғындары көпбалалы ана Клара Құрманова мен Дилфуза Сайдиллаева әлеуметтік көмекке мұқтаж екендіктерін жеткізді. Облыстық мәслихат депутаты екі ананың өтінішін назарға алып, оң шешімін табуына өзі жеке хабарлайтынын айтты. Ал, жалғызбасты ана Шынар Бектаева өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруын, Аягөз Саттарова базарда саудамен айналысуға арнайы орын сұрады. Алғашқысы бойынша қалалық жұмыспен қамту орталығына немесе қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне хабарласуға кеңес берсе, екінші өтініш бойынша көкөніс базарының басшысына хабарласып, мәселені шешімін табуына ықпал жасайтынын жеткізді. Тұрғын Нұрсәуле Темірбек жолдасына жұмыс тауып беруін алға тартты. Бұл мәселе бойынша депутат қазіргі таңда мекемеде күзетші немесе от жағушы жұмыстарына сұраныс бар екенін, барып көруін ұсынды. Қ.ЕСЕНБЕКҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы