- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей–ақ елімізде бұрынғы ұмытылған жайлар аталып өтіле бастады. Соның бірі Ордабасы тауында Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді еске алу күндерінің өтуі болатын. Сонда еліміздің барлық жерінен жиналған өкілдер алдында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев аса бір мақтанышпен, сондай бір тебіреніспен сол бір 1726 жылғы осы жердегі кездесудің маңызына ерекше тоқталып өткен болатын. 1723 жылдың көктемінде шығысымыздан тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлар жолындағы ауылдарды қырып-жойып Түркістанға бірақ жеткенде қазақтар “Елім – ай” – деп зарлап шыға келген. Тарыдай шашырап кеткен қазақтарды біріктіріп, басқыншы жауға тойтарыс беруде осы Ордабасыда өткен кездесу маңызды болды. Бірлік пен ынтымақ қай кезеңде болмасын керек ол өзінің тарихи мәнін жойған емес.«Бірлік» монументі қазақ елі үшін береке-бірліктің бастауы іспетті. Бұл ескерткішке зиярат етушілер Жаратушы Құдіреттен: «Еліме, жұртыма, әулетіме, отбасыма береке-бірлік бер, заманымыз тыныш болсын, өміріміз бейбіт болсын», – деген тілек тілеп барады.Оның куәсі міне осы Ордабасы тауындағы Бірлік монументі XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының бір орталыққа бірігуінің ұйытқысы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді еске алу үшін орнатылған. Ескерткішке “Бірлік ” деген атау берілді. «Бірлік» ескерткіші кең мағыналы, кең тынысты монументалды композиция, ол үш бұрыштан, үш бұрышы үш бидің асқақ тұлғаларын бейнелейді. Үш қырлы стела ақ мәрмәрден жасалған тақталармен қапталған. Оның әр қыры Қазақстанның әр шетіне бағытталған сияқты: Сырдария жағына – батыста, Қаратау тауларына – солтүстікте, Қазығұрт тауларына – оңтүстік-шығыста. Стелланың әр қырында үш ұлы бидің айтқан сөздері жазылған тақтайшалар бар. 1997 жылы 19 қыркүйекте монументтің құрылыс жұмыстары аяқталып, ашу салтанатына Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.Ескерткіштің биіктігі 28 метр, негізгі ені 8 метр. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы талқыланды. Бұл жиын-қазақ елі тарихындағы аса ауыр сын кезінде, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан, жүрекке жігер, бойға қуат беріп, алдағы ұлы шайқастарға бір-тұтас ел болып аттанудың тағдырын шеш¬кен аса маңызды оқиға болып саналады. Осы кезден бастап-ақ, ол киелі, әулиелі жер саналып келеді.