ҚАЛА ƏКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСУДІ ЖАЛҒАСТЫРУДА

1  103 көрілім

Бүгін, сəрсенбінің сəтті күнінде шаһар басшысы Рашид Аюпов Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Кеше ғана халықтың бір тобымен жүздесіп, ашық ойлары мен сауалдарын тыңдаған Р.Абатұлы бүгін де əрбір жанның сұрақтарын ерекше ілтипатпен тыңдады.

  Тұрғындар өз сөзінде қоғамдық көліктерді бір жүйеге келтіруін, онда мектеп жасындағы балалардың қоғамдық көліктерге мінудегі шартты реттеу, жастардың жұмыс мəселесін қадағалау, жаңбыр жауса балшыққа бататын көшелерді асфальттау, əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бөлінген атаулы əлеуметтік көмекті алудың дұрыс жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныс-тілектерін айтты.

  Қала əкімі Р.Абатұлы: – «Ең əуелі біз туризмді дамытып, кəсіпкерлік инвесторларды тартуымыз керек. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі біздің ең қасиетті де теңдессіз құндылығымыз. Туризм арқылы қонақтарды тартуға іргелі жұмыстар істеуіміз керек», – деген ойын білдірді.

  Жанерке ЖАРЫЛҚАСЫН,

  «Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы