ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ДОМБЫРАШЫЛАР ШЕРУІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ДӘРІПТЕЛДІ

96 көрілім

Аудан орталығындағы «Мәртөбе» алаңында күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Ұлы сазгер – ұлы саздар» және Ұлттық домбыра күніне арналған Dombyra PARTY домбырашылардың шеруі өтті.

Аталған шеруге №1 Сайрам балалар саз мектебі, Шымкент қаласы «Қаратау» өнер мектебінің домбырашылар ансамблі, аудандық мәдениет үйінің «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблінен құралған өнерпаздар қатысты.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев ізгі тілегін білдірді.

– Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Белгілі ақын-жазушы Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деген нақыл сөзі бар. Қазақ пен домбыра егіз ұғым! Домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Домбыраның үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Биыл Ұлттық домбыра күні 6-шы рет тойланып отыр. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар мереке десек, артық айтқандық емес, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Мұнан кейін, қасиетті домбыраны қолдарына алып, өнерпаздар күй атасы – Құрманғазының күйлерін ашық аспан астында әуелетті.

Шеруге шыққан өнер тобымен бірге қалалық «Жібек жолы» шығармашылық орталығының домбырашылар ансамблі өнерлерін көрсетті. Ансамбль ұжымдарымен біріккен күй және жеке шығармалар шеруімен жалғасты. Олардың ішінде «Нартайдың термесі», А.Қоразбаевтың «Ақ моншақ» әнінен бөлек, Құрманғазының «Адай», Әбдімомын Желдібаевтің «Ерке сылқым», Дина Нұрпейісованың «Науайи», Құрманғазының «Төремұрат» және «Балбырауын» секілді күмбірлеген күйлер орындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы