ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

117 көрілім

Аудан орталығындағы «Құрметті азаматтар» аллеясында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Шараға аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Берік Тұрлыбеков қатысып, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ұлттық мәдениетті насихаттаудағы үлесі үшін ардагер, домбырашы Дөңбаев Ергешбай, ардагер, күйші Сейітқазиев Таласбай, Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің директоры Тәжиева Ляззат, аудандық мәдениет үйінің қызметкері, дәстүрлі әншілері Темірбаева Ұлжалғас, Юсупов Бағдат, Орынбай Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің домбыра пәнінің мұғалімдері Кишкенова Гүлнұр, Оңлабекова Лайла аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы, ардагер, Қазақстанның Құрметті Журналисі Серікбай Тұржан іс-шараның маңыздылығына тоқталып, құттықтау тілегін білдірді.

Бірнеше күйлердің авторы, күйші Ергешбай Дөңбайұлы өзінің «Өтер дүние» күйін орындап берді.

Мерекелік іс-шарада О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің ұстаздары мен оқушылары және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары

«Боз бала», «Кербез сұлу» «Шерменде», «Наурыз», «Меркі», «Кербез қыз», «Ақбаян», «Жалын», «Жігер», «Ойжайлау», «Домбыра» күйлері мен әндерін орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы