ҚҰЛАҚ, КӨЗ, ТІЛІМІЗДЕН АЙРЫЛМАЙЫҚ!

738 көрілім

Қазақтың көрнекті ғалымы, жазушысы Ахмет Байтұрсынов кезінде үнқағазымызға саналы түрде салиқалы ой айтып еді. «Үнқағаз қоғамымыздың құлақ, көз, тілі»,-деген болатын. Осы ойды зерделеп, мән-мағынасына жүгінсек.

-Иә, шын мәнінде үнқағаз қоғамымыздың тыныс-тіршілігіндегі өмір айнасы. Оған күмән-күдік келтіруге болмайды. Бұл күндері баспасөзге жазылу науқаны қызу үрдіс алып, көпшілік қауым жазылуда. Өткенді еске алмай, болашақты болжау мүмкін емес. Біз кеңестік қоғамды сынап, кейде жиренішті пікірмен қараймыз. Жиренетін ешбір орнымыз жоқ. Сол кезде аудан-қала болып, Түркістан аумағында 80 мың халық мекендеп, сүйікті үнқағазымыз «Коммунистік еңбек» 40 мың данамен тарайтын. Ол кезде «Үнқағазға жазыл»,-деп ешкім мәжбүрлемейтін. Әрбір мекемедегі Коммунистік партияның хатшысы ұжым мүшелерін Үнқағазға жазатын. Қазіргі таңда Үнқағазға жазылу қалай жүріп жатыр. Ол жағы маған беймәлім. Дегенмен, өз ойымды, пікірімді ашық айтуға ниеттімін. Басқаны қояйық бүгінгі таңда қаламызды 200 мыңнан астам халық мекендейді. Ал, Үнқағазымыздың таралымы 7020 дана, қала тұрғындарына шаққанда 27 адам газеттен мүлдем хабарсыз. Не көп бізде мен-мен деген партия көп. Соның көшбасшысы «АMАNАТ» партиясы. Міне, осы «АMАNАТ» партиясы халықпен бірге болып, оның бастауыш ұйымдағы хатшылары Үнқағазға жазылуға ұйытқы болуы керек. Осы мәселені қолға алса, «Түркістан» үнқағазы 7 мың данамен емес, 70 мың данамен оқырмандарына тарар еді. Сөз соңында айтарым, досқа күлкі, дұшпанға таба болмай, сүйікті «Түркістан» газетінің көптеп таралуына ұйытқы болайық.

Мәдібек ТІЛЕУБАЙҰЛЫ,

зейнеткер.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы