Алдамшы улы газ – алдын ала сақтандыру шаралары

89 көрілім

От жағу маусымында өрттің туындауының басты  себебі от жағу пештерін салғанда және пайдаланғанда өрт қауіпсізді талаптарының бұзылуы болып табылады. Статистика бойынша, өртте қаза болған барлық адамдардың 75% от жағу пештерін пайдаланып иісті газбен уланып зиян шеккендер.

Иісті газ ол уландырғыш газ оның иісі жоқ, оны көру немесе адамды бірнеше минут ішінде өлтіруі мүмкін иісі бойынша білу мүмкін емес. Исті газ адам ағзасына енгенде қанның  оттек кислородын алып жүру қаблеттілігі төмендейді, мидың қайтымсыз зақымдалуына, жүрек ауруымен ауыратын адамдардың кеуде ауруына немесе жүрек ұстамасына әкеледі.

От жаққанда пешті дұрыс пайдаланып және жұмыс жағдайын ұстаған кезде шыққан иісті газ мөлшері әдетте қауіп төндірмейді. Жанып бітпеген отыны бар  және ысырмасы жабылған пеш иісті газдың және білінбейтін удың көзі болып табылады.Отын толығымен жанды деп есептеп, пеш  иелері жылуды сақтау үшін түтін жолындағы ысырманы жабады. Әлсіз жанып жатқан көмір ауа жетіспегендіктен исті газ шығаралы, ол герметикасыз пештің саңлауларынан үй ішіне тарайды.

Түтіннің әлсіз тартылуы және ауа жетпегенде сондай-ақ отынның толық жанбауы орын алады, салдарында исті газ жиналады. Түтін жолдарын тазалау аса ауыр емес – жылына екі рет, жылу беру маусымының басталуы мен аяқталуы кезеңінде, түтін жолдарын, кірпіш қалауларының және модульдің тоғысқан жерлерінің жіктері герметикалылығын текесеру, қажет болған жағдайда ішкі қабырғаларын күлден тазарту  жеткілікті. Пештің тұрбасына жалғасқан түтін жолдарын тексеруге ерекше назар аударыңыз.

Иісті газбен уланудың белгілері: бұлшық еттердің әлсіздігі, бас айналуы, құлақ шулауы, жүрек айнуы, құсу, ұйқы келуі, галлюцинация, естен тану, тыныс алу орталығығының жабылуынан кома және қаза. Улану жағдайынан кейін 2-3 жұма өткен соң да улану салдарынан адамдардың қаза болу жағдайы орын алған.

Иісті газбен уланған жағдайда иісті газдың шығуын жою; зардап шеккенді  таза ауаға шығару; жатқызу, тыныштықты және таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз ету. Егер зардап шеккен ессіз болса жедел жәрдем келгенше немесе есіне келгенше жүрекке жабық массаж және қолдан дем алдыру жасау.

Есте сақтаңыз, қауіпті иісті газ концентрациясы бар жерден зардап шеккенді шығарған уақытта, уланып қалмау үшін,. бірінші ретте өзіңізді қауіпсіздендіру қажет. Ол үшін марлі немесе бет орамал арқылы  тыныс алып тез әрекет жасау қажет.

М.Ишметов,

Түркістан қаласы Төтенше

жағдайлар басқармасының

аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы