ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ – ЖҰЛДЫЗ ЮЛДАШБЕКҚЫЗЫ

296 көрілім

Түркістан облысы бойынша тергеу саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, өткен жылы Қарағанды қаласына арнайы шақыртылып, ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың қолынан “Құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісін алған полицей ару Жұлдыз Юлдашбекқызы Журабаева біздің өңірдің мақтанышы!

Түркістан қаласында туған Жұлдыз, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын 2017 жылы тәмамдап, Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімінде криминалист мамандығы бойынша жұмыс жасаған. 2018 жылы Түркістан қалалық полиция басқармасына тергеуші лауазымына ауысқан. Ал 2021 жылдың ақпан айынан бастап, Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасында тергеуші лауазымында.

-“Кез келген қылмысты ашып, күдіктіні анықтауда тергеушілерге артылған жүк ауыр. Кінәліні дөп басып айту істің ақ-қарасын ажырату үлкен сабырды, мінезді, жүректі, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан біздің затымыз әйел болғанымен, қылмыскерді тануда әлсіздікке жол жоқ!”-дейді полиция капитаны Жұлдыз.

Сондай-ақ кейіпкеріміздің дәл осы саланы таңдауына, әкесінің полицей болғаны әсер еткен. Бүгінде Юлдашбек Журабаев полициядан зейнетке шығып, бейнетін көріп отырған жан!

Осынау көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі “8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінен” Сізді құттықтаймыз! Әрқашан жұлдызыңыз жанып, жарқырай беріңіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы