ҚОС ЛАУАЗЫМДЫ ҚАТАР АЛЫП ЖҮРГЕН ПОЛИЦЕЙ АРУ – АҚНӘЗІК НҰРЛАНҚЫЗЫ

249 көрілім

Полиция сержанты Ақнәзік Нұрланқызы Тұрдыбаева, бұған дейін түрлі салада қызмет атқарса да, бүгінде жүрек қалауын жасап, Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығында 102 операторы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Шенді арудың негізгі қызметтік міндеті – 102-ге тәулік ішінде келіп түскен барлық қоңыраулар мен хабарламаларды дер кезінде қабылдап, электронды базаға тіркеп, оқиға орнына полиция кешенді күштерінің барып, шешім қабылдауын қадағалау. Сонымен қатар 102 мобильдік қосымшасы, SOS жүйесіне келіп түскен аудио, бейне және мәтіндік хабарламаларды қабылдап, тіркеу.

1994 жылы дүниеге келген Ақнәзік Нұрланқызы, ішкі істер саласына қызметке қабылданбас алдын, алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Төлеби ауданы Нысанбек ауылында орналасқан Тау самалы балаларды оқыту-сауықтыру лагерінен бастаған. Ал 2015-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде инспектор лауазымында болған.

Ішкі істер саласындағы қызметі 2018 жылдың қарашасынан Түркістан облысы ПД Жедел жоспарлау басқармасының іс қағаздарын жүргізу жөнінде инспекторы қызметінен бастаған. Ал
2019-2020 жылдары Түркістан облысы ПД Кадр саясаты басқармасында іс қағаздарын жүргізу жөнінде инспекторы болған. Шенді ару- 2021 жылдан бері жедел басқару орталығында өз орнын қалыптастырып, абыройлы қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ Ақнәзіктің соңынан ерген інісі де әпке жолын жалғап, бүгінде тәртіп сақшысы атанған. Ол
Маңғыстау облысы Полиция Департаменті Айдауыл қызмет ротасының полицейі.

Ендеше інісіне жол бастаушы, анасына қамқоршы болған полицей ару Ақнәзікке мерекең құтты болсын дейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы