ЖЫЛДАМ ҚИМЫЛДАЙТЫН АРНАЙЫ ЖАСАҚТЫҢ ПСИХОЛОГ МАМАНЫ – АЙГЕРІМ ӘБУБӘКІРҚЫЗЫ

319 көрілім

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімінің инспектор, психолог маманы Айгерім Исаева, ішкі істер саласында қызметке орналасатын жастарды арнайы зерттеуден өткізеді. Айгерім Әбубәкірқызы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол адамдарды танып – білуге қатты қызығып, 2007 жылы М.Әуезов мемлекеттік университетін психолог мамандығын аяқтаған.

Жас маман ішкі істер саласындағы алғашқы еңбек жолын 2013 жылы Шымкент қалалық полиция басқармасынан бастаған. Адал қызметі үшін прокуратурадан, департамент басшылығы мен Б.Момышұлы атындағы оқу орнынан алғыс хаттармен марапатталып, бүгінде өз қызметін жауапкершілікпен атқарып жүр.

Айгерім бүгінде төрт қыз өсіріп отырған ана. Ол бос уақытын отбасына арнап, олармен серуендегенді жақсы көреді. Жаны нәзік болса да, қызметте темірдей тәртіпті талап ететін салада жүрген Айгерімге еңбегіңіз еленіп, қызметте толағай табысқа жете беруіне тілектеспіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы