ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

349 көрілім

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 34 жыл. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қандастарымызды еске алуға және Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылуына 34 жыл толуына орай қаламызда орналасқан «Жеңіс» саябағында «Ерлікке тағзым» атты іс-шара өтті.

Алдымен алаңға жиналғандар Ауған жеріндегі сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Бір минуттық үнсіздік жарияланып, опат болған құрбандарды еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға арнайы қатысып, сөз алған Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев бейбітшілік үшін жан аямай, ерліктің үлгісін танытып, абыройлы міндеттер атқарған ардагерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Амантайұлы, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов , Түркістан облысы Ұлы Отан соғысы ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары Есалы Нұржанов, Түркістан қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төраға орынбасары Сәбит Шәріпбеков сөз алып, бейбіт өмір мен тыныш тіршіліктің қорғаушысы болған ардагерлердің жастарға үлгі-өнеге екендігін, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде маңызы зор екендігін жеткізді.

«Ерлікке тағзым» тақырыбымен айдарланған іс-шарада қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары «Тірісіңдер құрбандар», «Ағама», «Батырлар ұраны», «Ағаларым», «Батырлары ауғанның», «Көкке өрле» атты патриоттық әндер орындап, ардагерлерді ардақтап, майдангерлерге құрмет көрсетті.

Жаннұр МҰСАЕВА,

ХҚТУ-дің 4 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы