ТҮРКИЯДАҒЫ ЗІЛЗАЛА ҒАСЫР АПАТЫНА БАЛАНДЫ

399 көрілім

Түркияда жер сілкінісіне бүгін 12-ші күн. Эпицентрі Кахраманмараш қаласында болған және Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адияман, Османие, Хатай, Килис, Малатия қалаларын қамтыған жойқын жер сілкінісі жаппай қирауға алып келді. 16 ақпанда таңертең жарияланған ресми мәліметтерге сәйкес магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын екі түрлі жер сілкінісі салдарынан, қаза тапқандар саны 35 мың 418-ден асты, 105 мың 505 адам жарақат алған. Ал қираған немесе қатты зақымдалған ғимараттардың саны 19 мыңнан асты. Ауруханаларда емделіп жатқан жаралылардың саны 13 мың 208-ден асады. Жер сілкінісі аймағынан түрлі қалаларға қоныс аударатын (көшірілген) адамдардың саны да 2 миллионнан асады деп есептелуде. Апаттың 11-ші күні әдеттегідей іздеу-құтқару және декоммунизация жұмыстары жалғасты. Ғасыр апаты Кахраманмараш, Килис, Диярбакыр, Адана, Османия, Газиантепа, Шанлыурф, Адыяман, Малатия және Хатайда қатты қирауға душар қылды. Жер сілкінісінен аса зор  қирау  болмаса  да, Элазиг қаласы да апат аймағы деп жарияланды. Сонымен жалпы саны 11 қала апатты аймақтар қатарына саналды деп жарияланды.

АНАДОЛЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ СОҢҒЫ 2 МЫҢ ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ АУЫР АПАТ

Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар (AFAD), жер сілкінісі тәуекел және азайту басқармасының Бас директоры Орхан Татар соңғы мәлімдемесінде апаттың көлемі туралы: «Бұл жер сілкінісі соңғы 2 мың жылдағы Анадолы аумағындағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі де бірегейі. Бұл екі жер сілкінісінің жалпы әсер ету ұзақтығы шамамен 2 минутты құрайды. Жер қыртысы екі жер сілкінісі кезінде де 2 минуттық кезеңде қатты шайқалды.

ЖЕР СІЛКІНІСІ ӘР 10-15 МИНУТ САЙЫН ҚАЙТА СЕЗІЛЕДІ

Сондай-ақ, Орхан Татар өз сөзін былай жалғастырды: – қазірдің өзінде біз бұл жер сілкіністерінің тербеліс саны 3 900-ден асты деп айта аламыз. Демек, жер сілкінісі әр 10-15 минут сайын дерлік қайта сезілетінін көрсетеді. Бұл жер сілкінісі аймақтағы шамамен 110 мың шаршы шақырымға тікелей әсер етті. Сондықтан азаматтар бүлінген ғимараттар мен қираған үйлерден аулақ болу керек.

СҮЙІНШІ ХАБАРЛАР ЖАЛҒАСУДА

Орхан Татар үйілген қирандылардың астынан құтқарылып, тірі қалпында шығып жатқан адамдар бар деп мәлімдеді. Жүйелі құтқару жұмысы әлі де жалғасады. Адам – баға жетпес байлық. Үйіндіден бір тірі адамды шығарсақ төбеміз көкке жетеді. Бұл біз үшін зор бақыт! Құтқарушылардың нәтижелі жұмыстары жалғасады деп үміттенеміз. Әлемдік практикада жер сілкінісінен кейін 12, 13, 14, 15 күннен кейін де нәтижелі құтқару жұмысы болғанына мысалдар бар. Біз де қиранды астынан өз азаматтарымызды тірі құтқара аламыз деп үміттенеміз. Зілзаладан қираған аудандардағы іздеу-құтқару жұмыстары үйінді астындағы тірі адамдар шығарылғанға дейін жалғасады.

МЕКТЕПТЕРДЕ УАҚЫТША ДЕМАЛЫС

Апат аймағындағы мектептерде 20 ақпанға дейін оқу тоқтатылды. Мемлекеттік меншіктегі барлық қолайлы ғимараттар жер сілкінісінен зардап шеккендердің қажеттіліктеріне босатылды. Жер сілкінісі болған 10 қалада іздеу-құтқару және одан кейінгі жұмыстардың жедел жүргізілуін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай енгізілген болатын. Қарастырылып отырған 10 қалада төтенше жағдай 3 ай бойы жалғасады.

АУРУХАНАЛАРДА 755 БАЛА ЕМДЕЛУДЕ

Отбасы және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі бөліскен мәліметі бойынша: Емханаларда 1457 өздігінен жүре алмайтын бала емделіп жатыр. Емдеуден кейін 93 бала мекеменің қамқорлығына алынды. Біздің 609 баламыз жеке басын тексергеннен кейін олардың отбасыларына қайта берілді. 1190 баланың құжаты анықталған, ал анықталмаған (ата-анасы анықталмаған) 267 бала бар.

АПАТ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА 250 МЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ҚАТЫСТЫ

Түркияның Төтенше жағдай салдарын жою басқармасының Анкарадағы штаб-пәтерінде өткен жиындағы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдемесінде: Түркияның 71 қаласынан 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметші апат аймағындағы іздеу-құтқару және басқа да жұмыстарға тартылған. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар және халықаралық көмек топтарының, сондай-ақ іздеу-құтқару жұмыстарына тікелей қатысатын кәсіби қызметкерлердің саны 35 мыңнан асқанын айтты. Ердоған сонымен қатар жер сілкінісінен кейін бірден халықаралық көмекке шақыруға 100 елден жауап алып, олардың 84-і 10 мың 943 іздеу-құтқару персоналы іс жүзінде далалық жұмыстарға қатысқанын, 4 ел өз командасының жұмысын аяқтап, қайтып оралғанын, 5 ел командаларды жіберетінін айтты. Ердоған өз сөзін жалғастыра отырып, 42 елдің мемлекет және үкімет басшыларын оған Түркияға қолдау көрсету және көңіл айту үшін телефон арқылы қоңырау шалғанын айтты. Қолдау мен көңіл айтуды лебізін білдірген алғашқылардың бірі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды.

Фетуллаһ ХАЛЛАЖ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 4 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы