ӘКІМ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

299 көрілім

Түркістан қаласындағы «Олимпик» спорт сарай-ында қала әкімінің кубогі үшін футзалдан турнир мәреге жетті. Ақпанның 3-6 жұлдызы аралығында өткен додада жалпы 42 команда бақ сынады.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков облыс орталығында бұқаралық спортты дамыту мақсатында, әсіресе тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу бағытында жоспарлы жұмыстар жасалуда. Бүгінгі жаңа бастамамыз да соның жалғасы. Бұл турнирден бағы мен бабы келіскен шын мықтылар танылады, – деп қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Түркістан – орталық су спорты кешенінің» директоры Ғалымжан Хұдияров та аталмыш сайыстың мақсатына тоқталып, спортшыларға жылы лебізін білдірді.

Сонымен төрт күнге жалғасқан аяқдопшылар жарысы тартысқа толы болды. Нәтижесінде финалға жолдама алған «RED» және «Жолдың асты» командалары арасында өткен ойынның жеңімпазы пенальтилер сериясы арқылы анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша 1-ші орынды «Жолдың асты» командасы иеленді. Ал жүлделі 2-ші орын «RED» командасына бұйырса, 3-ші орын «Marka.kz» командасына бұйырды.

Жалпы, шаһарда қала әкімінің кубогі алғаш рет өткізілді. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, аталған турнир дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы