ҚЫЗ – ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ

1  096 көрілім

Осындай атаумен салауатты өмір салтын насихаттау барысында семинар-тренингтер мен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестіруші мамандары Г.Нуруллаева, психолог Д.Байболова, қалалық емхананың гинекологы Н.Раметова, емхана психологы С.Талғатқызы, сондай-ақ қаламыздағы әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Мұстафаева қатысты.

Жиын барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестіруші маманы Г.Нуруллаева адам ағзасын дұрыс тамақтандыру ережелерін айтып, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін түсіндіріп, қыздарға ақпараттық танымдық материалдармен бөлісті. Әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Мұстафаева қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөзінің текке айтылмағандығын, қыздар арасында болып жатқан мәселелердің барлығы қыз баланың өзіне байланысты екендігін түсіндірді.

Сонымен қатар, емхананың жасөспірімдер гинекологы Н.Раметова өз сөзінде адам ағзасындағы физиологиялық бездердің дұрыс дамуы, қыз баланың бойында кездесетін аурулар жайында ақпараттар берді. Психолог маман Д.Байболова мектеп жасындағы жасөспірім қыз баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу керектігін, қыз бала нәзік, сыпайы, ибалы, инабатты болуын тілге тиек етсе, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік сүйемелдеу секторының психологы А.Базарбайқызы «Ерте жүктілікті талдау» тақырыбындағы тренинг өткізді.

А.ПИРЖАНОВА,

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әлеуметтік сүйемелдеу секторының психологы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы