КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ӨТТІ

1  754 көрілім

Қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Сессияны оның төрағасы Сәкен Ханділлаев ашып жүргізіп отырды. Жиынға қала әкімінің орынбасары Жандос Баирханов, мәслихат хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев және мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты. 
Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №41/207-VI «2019-2021жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан қалалық мәслихаттың 2018 жылғы 19 шілдедегі «Түркістан қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің құрылымын бекіту туралы» 35/181-VI шешіміне өзгерістер енгізу ұсынылды. Осы мәселелер бойынша баяндамашылар Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы З.Бимбетова мен қала әкімі аппаратының басшысы Қ.Мылтықбеков жарыссөзге шығып, хабарлама жасады.Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. 
Орынбек ҚАСЫМБЕКОВ,
«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы