Түркістан қаласында ата-аналық құқық жайында түсіндірменлер жүргізілуде

207 көрілім

Түркістан қаласының прокуратурасы Түркістан қаласының тұрғындарына ата-ана ата-аналық құқығынан қандайжағдайларда айырылатындығын айтып, түсіндірмен жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ата ана құқығы туралы әлеуметтік желілерге жариялап, тұрғындарды құлағдар етуде. Біріншіден ата-ана міндетін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент
төлеуден қасақана жалтарса; дəлелді себептерсіз өз баласын перзентханадан (перзентхана
бөлімшесінен), жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған ұйымдардан жəне тағы басқа
ұйымдардан алудан бас тартса; өздерінің ата-аналық құқықтарын теріс пайдаланса (мысалы,
баланы оқытуға қасақана кедергілер келтірсе; балаларын
қайыршылыққа немесе ұрлықшылыққа баулыса; баланы
жезөкшелікпен айналысуға итермелесе; балаларды спирттік
ішімдіктер немесе есірткі тұтынуға тартса); балаларына қатал қараса, оларға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетсе, оны жыныстық қылмысқа итермелесе; спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық
заттарды жəне (немесе) соның аналогтарын пайдаланса ол ата ната құқығынан айырылады. Ата-ана өз баласының, жұбайының немесе отбасының басқа
мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана
қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде, ата-аналық құқығынан
айырылады. Ата-аналық құқығынан айыру сот тəртібінде, прокурордың жəне
қорғаншылық немесе қамқоршылық қызметімен айналысатын
мекеменің қатысуымен жүргізіледі. Ата-аналарды жоғарыда аталған негіздер бойынша сот ата-ана құқықтарынан тек олар кінәлі мінез-құлық көрсеткен жағдайында ғана айыруы мүмкін. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындаудан жалтаруы олардың адамгершілік және дене бітімінің дамуына, оқуына, қоғамға пайдалы еңбекке дайындалуына қамқорлық жасамауы, алимент төлеуден қасақана жалтаруы. Мұндай жалтарудың жеке жағдайы өз баласын перзентханадан не өзге де балалар тәрбиелеу, емдеу немесе басқа мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тарту болып саналады.Ата-ана құқықтарын теріс пайдалану деп бұл құқықтарды балалардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануды түсіну керек, мысалы, оқуға кедергі жасау, қайыршылыққа, ұрлыққа, жезөкшелікке, спирттік ішімдіктерді немесе есірткілерді және т. б. қолдануға көндіру.Балалармен қатыгез қарым-қатынас ата-аналардың оларға тән немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асыруында не олардың жыныстық қол сұғылмаушылығына оқталуында ғана емес, сонымен қатар тәрбиелеудің жол берілмейтін тәсілдерін қолдануда да (балалармен дөрекі, немқұрайлықпен, адамдық қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынаста, балаларды қорлауда немесе пайдалануда) көрініс табуы мүмкін. Созылмалы алкоголизм немесе ата-аналардың нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыруы тиісті медициналық қорытындымен расталуға тиіс. Осы негіз бойынша ата-ана құқықтарынан айыру жауапкердің әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуына қарамастан жүргізілуі мүмкін.

Ата-ана құқықтарынан айыру туралы істер прокурордың және қорғаншы органның қатысуымен қаралады. Оларды қарау кезінде сот ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.Егер сот істі қарау кезінде ата-аналардың іс-әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерін анықтаса, ол жеке қаулымен оны прокурордың назарына жеткізуге міндетті.Сот ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде бұл шешімнен үзінді көшірмені баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншы органға жіберуге міндетті. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол оны асырап алумен тоқтатылады.Баланың және ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқықтарды, оның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған жағдайда немесе ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі.Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға теріс әсер етпесе, баламен кездесуге рұқсат береді.Ата-аналар ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай өткен соң жол беріледі.Ата-анасының бірі ата-ана құқығынан айырылған баланы асырап алуға басқа ата-анасының келісімімен жол беріледі.

Ата-аналардың ата-ана құқықтарын сот олар мінез-құлқын, өмір салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен жағдайда қалпына келтіруі мүмкін.Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың өтініші бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер ата-анасының, қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүддесіне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтарын қалпына келтіру тек оның келісімімен ғана мүмкін болады.Егер бала асырап алынса және бала асырап алынбаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді. Егер ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешім шығарғаннан кейін алты ай өткеннен кейін ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, прокурор ұсынады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қорғаншы және қамқоршы орган өкілінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істі қарау кезінде сот ата-анасынан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, ал баланы ата-анасымен қалдыру оған қауіпті болған жағдайларда, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан айырылады. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы күтіп-бағу жөніндегі міндеттен босатпайды. Ата-анасы ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын сақтайды, сондай-ақ ата-анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқықтарды, оның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.

Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер бұл балаға теріс әсер етпесе, баламен қарым-қатынас жасауға рұқсат етіледі. Ата-аналардың баламен байланысына қорғаншы және қамқоршы органның не баланың қорғаншысының немесе қамқоршысының, патронаттық тәрбиешілердің немесе бала орналасқан ұйым әкімшілігінің келісімімен жол беріледі. Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың талап-арызы бойынша баланы ата-анасына қайтару туралы және “неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы”Кодекстің 80-бабында көзделген шектеулердің салдарларын жою туралы шешім шығарады. Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-анасынан немесе оны қамқорлыққа алған басқа адамдардан дереу тартып алуға құқылы. Баланы дереу тартып алуды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының актісі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді. Баланы тартып алған кезде қорғаншы және қамқоршы орган дереу прокурорды хабардар етуге, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы баланы тартып алу туралы актіні шығарғаннан кейін жеті күн ішінде ата-аналарды ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндетті. Баланы ата-аналардан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты сот шешімдерін мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы орган өкілінің және бала берілетін адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Баланы ата-анасынан айыру туралы және оны басқа адамға (адамдарға) оның мүдделеріне нұқсан келтірмей беру туралы сот шешімін орындау мүмкін болмаған жағдайда, бала соттың ұйғарымы бойынша баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға уақытша орналастырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық дербес кұқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады.

Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін нормалар катарына Балалар құқықтарын корғау және халықаралық бала (қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени кұқықтарды корғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша кұқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 каңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі қызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылғы балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Қазақстан осындай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Отбасы — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше камқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кімкімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір талаптар қояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және коғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық, келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тен құқықты одақ.

Отбасы құқығының материалдық-құқықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы қатынастарын реттеуге, сонымен катар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр әсер етеді.

Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет қабілеттігі, сонымен қатар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.

Халықаралық дербес құқықта неке және отбасы қатынастарына токталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.

Неке — бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың арасындағы қатынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, отбасындағы бала құқықтары, оларды асырап алу мен қорғаншылық, қамқоршылық институттарының халықаралық дербес құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.

Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты қандай ережелерді қолданатындығына назар аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға ие екендігін алға тартқан жөн. Отбасылық қатынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жақты корғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына байланысты кез келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.

Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамнын теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық заңдарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген кұқықтарын анықтайды.

Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, казіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындыкқа ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұның барлығы отбасы құқығындағы әйелге қатысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.

Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда екі мемлекеттің азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы құқығы қатынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылықка ие болып табылады. Некелік құқық, қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінің жеке заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде түрлі азаматтыққа ие ерлі-зайыптылар арасында біркатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.

Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық дербес құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») деп те атайды.

Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.

Біркатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық дербес құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығының материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке заңдары түрліше болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың да жеке заңдарымен жарамды деп танылса (өзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.

Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заңы қолданылады, ал некені токтату кезінде — некені тоқтату туралы мәселені шешетін орган сот елінің құқығы қолданылады.

Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең кұқыктарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардын бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.

Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке қатынастарына біздің мемлекетіміздің заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы теңдік ерлі-зайыптылардьщ арасындағы көптеген қатынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен қызмет аясын таңдауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік қатынастарын толықтай сақтап калады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сақтайды және т.б. Біздің заңның талабы бойынша ортақ шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда да ерікті болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып қалатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып жүрген заңда және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке қатынастарын реттейтін заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін.

           

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы