НҰРБЕК НЫШАНОВ: «ХАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ КЕРЕК»

798 көрілім

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  басшысы, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  Нұрбек Нышанов аудандық сан-эпид бақылау басқармасының басшыларымен жиын өткізді.  Кезекті басқосу барысында  сан-эпид бақылау қызметіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. 

Соның ішінде  нысандарға тексеру жүргізу барсында  қызметкерлердің  мемлекеттік қызмет әдебін сақтауы, сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу, айыппұлдарды  анықталған кемшіліктер бойынша, заң аясында салу керектігін  тағы бір ескертті.  Сондай-ақ, өңірдің  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «СЭС»  қызметіне  қатысты  қоғамда қалыптасқан  жағымсыз пікірлерге қатысты өз ойын білдірді.

«Өкінішке орай, қоғамда сан-эпид бақылау қызметіне қатысты теріс пікірлер жиі кездеседі. Көбіне мұның бәрі тексеріс кездеріндегі кемшіліктерге байланысты салынатын  айыппұлдарға қатысты туындайтын түсініспеушіліктерден,  «сыбайлас жемқорлыққа жол берді» деген шағымдармен  байланысты. Сондықтан басқарма басшыларына нысандарды тексеру кезінде заң шеңберінен аспауды, сыбайластыққа жол бермеуді, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінде көрсетілген ережелерді сақтауын қатаң ескертемін. Сыбайлас жемқорлық-ол қылмыс, ал қылмыс жасаған азаматтарға мемлекеттік қызметте орын жоқ», – деді Нұрбек Нышанов.

Жиын соңында  аудандық басқарма басшыларына  санитариялық-эпидемиологиялық  жағдайды одан әрі тұрақтандыру,  тұрғындардың қайта ревакцинациялаудан өтуін бақылау бойынша жұмыстарды жаңғыртуды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы