ҚАРАШЫҚТА ЖОБАЛАР ЖОСПАРДАҒЫДАЙ ОРЫНДАЛУДА

517 көрілім

Қазіргі таңда Қарашық елді мекеніндегі Шоқан Уәлиханов, Ибн-Сина көшелері, Құмтүйін елді мекеніндегі Шора Қожахметов көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қарашық елді мекені Қарашық көшесі, А.Новай И.Худайкулов көшелеріне, Құмтүйін елді мекені А.Ақтанбаев, Н.Халжанова көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда.

Биыл Құмтүйін елді мекеніне екі трансформатор қою жұмыстары жүргізіледі.

-Қазіргі таңда кей үйлерде үш төрт келінімен сығылысып отырған отбасылары бар. Қарашық ауылында 11 мыңнан астам адам тұрса, қазіргі кезде өз алдына жер алып, үй салып алғысы келетіндердің тізімі екі мыңнан асып кетті. Бас жоспарға сәйкес тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу үшін, елді мекен шегіндегі жерлерді арнайы қорға қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ең үлкен проблемамыз осы болып отыр. Бұл біздің демографиялық өсіп өнуімізге кері әсер етіп отыр. Осыны жоғарғы жаққа жеткізсеңіз! – дейді ауыл ақсақалы Жумадулла Омаров.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы