“КӨРЕГЕНДІ ЕНЕ МЕН ИБАЛЫ КЕЛІН -2022” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

945 көрілім

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық аналар кеңесі және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, Ескі Иқан ауылдық округі әкімшілігінің бастамасымен “Көрегенді ене мен ибалы келін” сайысы болып өтті. Байқау барысында қазылық еткен Облыстық аналар алқасының төрайымының орынбасары Гулсара Тоқкулова, Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Әбенқызы, Бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі Пернекул Нальтаева, ҚХТУ профессоры Четин Халилдер төрелік етіп, үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен киім үлгісіне баға берді.

Сайыстың басты мақсаты шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауыз біршілікті сақтауға үлес қосу және жарасымды жанұяларды анықтап өнегелі отбасыларды көпке үлгі ету. Сонымен қатар, отбасының беріктігін сақтап, ұрпақ тәрбиесінде, ененің алатын орнын дәріптеу болып табылады.. Тәрбиелік мәні зор шарада қатысушылар таныстыру, сахналық көрініс, ас дайындау, ән шырқап би билеу секілді сайыстардан өз өнерлерін ортаға паш етті.

Сайыста әділ қазылардың шешімімен бас жүлдеге Оранғай ауылдық округінен қатысқан енесі Жұмағыз Медетбекова мен келіні Сымбат Илесқызы ие болды. Жүлделі I- орынды Ескі Иқан ауылдық округінен келген енесі Алтынай Мұсаева мен келіні Наргул Мұсаева жеңіп алды. Ал II- орынға Бабайқорған ауылынан енесі Райхан Жартыбаева мен келіні Сара Қуанышева, III-орынды Шорнақ ауылынан енесі енесі Өміркүл Жаппарова мен келіні Асылзат Өмірхан еншіледі.

Жарысқа қатусышарды жүлделерімен құттықтаймыз!

Түркістан ақпарат.

.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы