БІРЛІК – БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ

424 көрілім

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған қазақ елі үшін бұл мейрамның орны ерекше. 1995 жылдың 18 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Біздің елімізде татулықтың мерекесі ретінде ерекше атап өтіп келеді.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Түрлі ұлт өкілдері мекен ететін елімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында көптеген іс шаралар да жүзеге асуда. Осы мақсаттта Қазақстан халықтары ассамблеясы Түркістан облыстық филиалы да жалпыұлттық институт ретінде қалыптасып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатындағы міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінде түрлі этнос өкілдерін ғана емес, тұтас ұлтты біріктіретін қоғамдық-азаматтық институт ретінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында атсалысып келеді.

Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан құрылған – Қоғамдық келісім кеңестердің негізгі мақсаты қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен дамытуда азаматтық институттардың, қоғамдық, саяси және басқа бірлестіктердің күш-жігерін шоғырландыру болып табылады. Халық пен қоғамның билік органдарымен сындарлы өзара іс-қимылын қоғамдық келісім кеңестері қамтамасыз етеді. Қоғамдық келісім кеңестері билік пен қоғамның өзара әрекеттесу құралына айналуда.

1 мамыр – бұл әрқашан халқымыздың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн. Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын! Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық, азаматтық парыз асқақтай түседі.

С.СЕРДАЛИЕВА,

Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы