248-ДЕН АСТАМ СӘБИГЕ «СҮЙІНШІ» СЫЙҚОРАБЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

270 көрілім

Бүгін, Түркістан қаласында Тәуелсіздік күні дүниеге келген 248-ден астам сәбиге «Сүйінші» сыйқорабын тарту етілді. «Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. Сәбилердің туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. Шараға «Nur Otan» партиясының мүшесі, Түркістан қаласы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Мади Аманжол қатысты.


Сонымен қатар, «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Төлеби ауданында Қасым-Жомар атты сәби дүниеге келді. Сәбидің әкесінің есімі Нұрсұлтан. «Тәуелсіздік күні мерекесінде дүниеге келген ұлына атасы Қасым-Жомарт деген есім берді. Ел басқарған аталарындай азамат болсын деген ниетпен қойып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы