Дін саласының өкілдері бас қосты

1  367 көрілім


Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен “Тәуелсіз қазақ руханиятының қалыптасуына – Түркістан тағлымы” атты конференция өтті.
Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-дің Мәдениет сарайында өткен жиынға дін саласының мамандары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты .
Конференция жастарды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, отансүйгіштікке, олардың бойында рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, ұлттық сананы – кеңейту, ұлттық салт-дәстүрлерді, тіл мен әдебиетті, рухани құндылықтарды жастардың бойына сіңіру, Түркістан тағылымын кеңінен насихаттау, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдерін, қала, аудан ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің, имамдардың біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысы бойынша Бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Теология факультетінің деканы, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Мұхан Исахан, белгілі дінтанушы, РАТТ мүшесі Арман Қуанышбаев, Сарыағаш медресе-колледжінің директоры Дінмұхаммед Сманов сөз сөйледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы