ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

1  144 көрілім

Бүгін қаламыздағы Әл-Фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінде «Түркістан төрінде алтын домбыра» тақырыбында әдеби, сазды кеш болып өтті.


Шараның мақсаты өскелең жас ұрпаққа тарихи, мәдени мұрамызды дәріптеу. Нәзір Төреқұлов музейінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жиынға Әл-фараби атындағы №10 жалпы орта мектебінің директоры Талғат Бегасилов, тілдерді дамыту және оқыту орталығының тіл маманы, жас ақын Айгерім Жұмабай, саз-өнер мектебінің ән-терме сыныбының жетекшісі Әлия Алдашүкірова және «Абай» атындағы кітапхана ұжымы қатысты.

Кеш соңында сөз алған Нәзір Төреқұлов музейінің меңгерушісі Омар Абдуллаұлы мен «көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған» арнайы кітапхана меңгерушісі Ержан Ибрагимов өз ойларын ортаға салып, бабаларымыздан мұра болып бізге жеткен домбыраның алтын қазына екенін, оны қадірлеп сақтай білуіміз керек екендігін түсіндірді.

Арайлым Мейрамханқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы