ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

913 көрілім

Әмір Темір атындағы №3 жалпы орта мектебінде «Балалар мен жастардың сөз және мінез-құлық мәдениеті» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өтті.  

Кездесуге Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ә.Шалқарова және қалалық мәслихаттың хатшысы М.Таңғатаров  сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов  пен «Аймақ» газетінің тілшісі О.Қасымбеков және мектеп директоры Р.Юсупов, мектеп психологтары К.Розмет және Н.Жаппарова қатысып,  оқушылардың тәрбиесі туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиын мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жақыповтың баяндамасымен басталып, мектеп психологтарының мінез-қылық, тәрбие тақырыбындағы сергіту ойындарымен жалғасты. Кездесу қонақтары да қазіргі қоғамдағы жастардың рөлі, маңызы төңірегінде оқушылармен диалог құрып, өнегелі де еркін әңгіме өрбітті.

Аталмыш шара біраз жылдар бойы қаламыздың білім саласын басқарған Жарқынбек ағамыздың ақ батасымен аяқталды.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы