ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

1  408 көрілім

Бүгін Түркістан қаласы мәслихатының хатшысы, Nur Otan партиясының депутаты Мақсат Асылбекұлы мен қалалық мәслихат депутаттары Сүлеймен Тұрсымбайұлы және Ардақ Үсенұлы Сауран тұрғындар алқабының азаматтарымен кездесті.

Әлеуметтік желіде келіп түскен өтініш негізінде тұрғындардың бұйымтайларын депутаттар назардан тысқары қалдырмады.

Атап өтетін болсақ, мәселенің негізі ауа-райының салдарынан жауын-шашын мөлшері шеттен тыс жауып, көше бойларында шалшық су жиналғандығынан шағымданған. Тұрғындардың айтуы бойынша жүріп-тұруға қиын, көше бойлары кейде аяқ басып жүруге келмей кетеді дейді. Мектеп оқушылары мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудырған. Сонымен қоса, кәріз жүйесі мен су құбырлары тартылмаған бір қатар үйлердің бар екендігін жасырмай, оның оң шешілуіне ықпал жасауын сұрады.

Айтылған өтініштер мен шағымдарды негізге ала отырып депутаттар, қала әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар» бөлімі мамандары арқылы көше бойындағы сулардан тазартып, алдағы күндердің ішінде тас төсеу жұмыстарын жүргізетіндіктерін жеткізді. Қосымша айтылған өтініштері бойынша тиісті бөлімдерге депутаттық сауал жолдайтындықтарын хабарлады.

Түркістан қалалық мәслихатының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы