Сарып ауруы (бруцеллез)- Қауіпті дерттен сақ болыңыз!

2  364 көрілім

            Кейінгі жылдары Түркістан облысы көлемінде соның ішінде Түркістан қаласында  сарып ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделене түсуде .                                                                                                 Сарып ауруы ұзаққа созылатын , қайта қозып тұратын,еңбекке қабылеттілікті уақытша немесе түбегейлі жоятын қауіпті сырқат.Ол адамға малдан ,әсіресе іш тастағанда,мал төлдегенде,кейде  үй жануарларының ет-сүт өнімдерін дайындау кезінде, қайнамаған сүт,қаймақ арқылы,(ит пен мысықтан)  жұғады.                                                                                                              Сарып ауруының алғашқы белгілері: Дене қызуының көтерілуі,денені тер басып ,әлсіздік пайда болады,негізінен буындар ауырып,бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады.Жыныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ерлер-орхит,әйелдерде-түсік тастау,жатырдың қабынуы,мастит ауруларына әкеліп соқтырады,ал балалар мен жасөспірімдер белсіздік ауруымен зақымдануы мүмкін.Дер кезінде қаралмаған немесе дәрігерге кеш келген жағдайда бруцеллез мүгедектікке әкеліп соқтырады.                                        Ең алдымен ауру малдың көзін тез жою керек.Малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап,аяқ киім киген дұрыс,қолды сабынмен екі қайтара жуып,залалсыздандыру керек.Ауладағы малдың арасында түсік тастау,өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек.Әр отбасы мал дәрігерімен тығыз байланыста болған абзал.   Ет-сүт тағамдарын арнайы тексеретін зертханалары бар сауда  орындарынан сатып алып, ет-сүт өнімдерін тағамға қолдану кезінде  жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, тағамды өндеу ережелерін бұлжытпай орындалу ләзім. Малдың терісімен, жүнімен жұмыс жасайтын азаматтардың сақтық шараларын қатаң сақталғандары жөн. Үй жануарларын ұстайтын, қорада малдары бар азамттар үйдегі малдарын малдәрігерлік тексеруден жүйелі түрде өткізіп тұруы міндетті.                                                                                                         Жоғарыдағы ауру белгілері мазалағаннан бастап,дәрігерге жедел түрде  көрініңіздер.

Түркістан қалалық СЭББ   бөлім басшысы А. Қудабаева.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы