«ТӘУЕЛСІЗДІК – ӘН ЖЫРЫМ» ШАРАСЫ ӨТТІ

1  873 көрілім

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қаладағы «Ақжайық» музыкалық мектебінде қалалық мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Тәуелсіздік – ән жырым» атты мерекелік концерттік шарасы өтті.
Өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Түркістан қаласы – қасиетті өнердің киелі бесігі, жыраулық дәстүр тараған дарынды тұлғалардың мекені. Саңлақтар көтерген өнердің тұғыры әрқашан биікте. Қаламыздың мәдениет саласының қызметкерлері ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Мәдениет қызметкерлері қаладағы өнерпаздарды республикалық, облыстық байқаулар мен өнер фестивальдеріне жіберіп, алқалы топтарда қанаттарын қақтырып, Түркістанның мерейін үстем етуде. Дайындық жүргізумен қатар, көзі қарақты зиялы қауым өкілдері мен көрермендерді ұйымдастыруға зор жауапкершілікпен қарауда. Концерттік бағдарламаларды жаңа репертуарлармен толықтырып, біліктілік пен мұқияттылықпен үйлестіре білуде. Тапсырмаларды мүлтіксіз орындап халық жүрегінен жол таба білген мәдеиет саласының қызметкерлері «Мәдениетім – мерейім», «Тәуелсіздік – мерейім» өнер фестивальдерінде 10 жыл ішінде екі рет облыста Бас жүлдені Түркістанның жеңіп алуы да мәдениет қызметкерлерінің жеңісі деуге болады.
Салтанатты жиында сөз алған мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбдіжаппар Сәкен: «Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздік жылдары іргелі мемлекет болып қалыптастық. Өзгемен тереземізді теңедік. Тұрмысымызды түзедік. Бұрын арман болып көрінген жетістіктерге қол жеткіздік. Сондықтан, еліміздің болашағын, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер әлі де талмай еңбек етуіміз қажет», – деп мәдениет саласының қызметкерлерін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.
Қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Шәметқызы: «Мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысымыз шексіз. Еліміздің биік рухы мен өркендеп өсуіне қызмет етіп, халықты тамаша өнермен қуанта беріңіздер», – деп ыстық ықыласын білдірді.
Шара соңы «Тәуелсіздік – ән жырым» атты қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы