БЕРЕКЕ КӨЗІ БІРЛІКТЕ

639 көрілім

Жақында қаламыздағы облыстық сотта коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған «Береке көзі – бірлікте» тақырыбында тренинг болып өтті. Іс-шараға облыстық сот судьясы, адвокаттар мен БАҚ өкілдері, бизнес-тренер, коуч-психолог Айгерім Сағынтайқызы, аудандық және оған теңестірілген соттардың баспасөз қызметіне жауапты төрағалары мен судьялары қатысты.

Тренинг мақсаты – топтық коучинг әдістерін пайдалана отырып, ортақ мақсатқа жетудегі қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сот ақпаратына қолжетімділік бойынша жұмысты белсендіру. Іс-шараны ашқан Бизнес-тренер, коуч-психолог Айгерім Сағынтайқызы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан сот жұмысына қатысты айтылатын пікірлер мен ұсыныстарды, нақты мәселелерді ортаға салып, бірігіп шешудің жолдарын қарастыратынын алға тартты.

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істері бойынша алқа төрағасы Г.Ниязбекқызы журналистер мен заңгерлердің қоғамдағы қатынастарды реттеудегі рөлдеріне тоқталып, соттар жұмысын жариялау бойынша БАҚ-пен өзара байланысты қамтамасыз ету туралы ойын ашық айтып өтті. Өз кезегінде коуч-тренер А.Саурықова психологиялық тренингтер өткізіп, медиа-шеберлік құпиясымен бөлісті. Атап айтқанда, жанжал барысындағы қарым-қатынас жасаудың тиімді тәсілдері мен топта жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру, резонансты сот істерін жариялау мәтінінде шиеленісті жағдайлардың алдын алу құралдарын дамыту туралы әңгімеледі.

Сонымен қоса, спикер А.Саурықованың ұйымдастыруымен рөлдік ойындар арқылы судьялар мен БАҚ өкілдері, адвокаттар өзара орын алмасып, пікірлерін білдірді.

Тренинг соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді. Сондай-ақ коуч-психолог Айгерім Сағынтайқызынан арнайы сертификатпен марапатталды.

Балдәурен ЖҰМАБЕКОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы