ЕКІ ЕЛДІҢ БІРТУАР ҚАЛАМГЕРІ

691 көрілім

Қасиетті Түркістан топырағынан шыққан әлемге белгілі жазушы, драматург, Өзбекстанның Халық жазушысы, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты Адыл Якубовтың 95 жылдығы туған жері – Қарнақ ауылында аталып өтті. Қарнақ ауылының өзбек этно мәдени бірлестінінің төрағасы Бекзат Хабибовтың ұйымдастыруымен «Қарнақ» жалпы орта мектебінде өткен әдеби кешке көптеген зиялы қауым өкілдері жиналды.

Шара барысында сөзге шыққан Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Бадриддин Нышанқұлов пен Насиба Атаева, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Артур Асаев, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Толқын Саидмурадов және көрші қала, ауданнан келген көптеген қонақтар Адыл Якубовтың елі үшін, халқы үшін атқарған орасан зор еңбектеріне тоқталып, оның шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу аға буынның азаматтық борышы екендігін атап өтті. Ташкенттен арнайы келген ұлы Мәлік Якубов әкесінің отбасында қарапайым жан болғанын, қазақ халқының ұлы ақын-жазушыларымен тығыз қарым-қатынаста байланыс орнатқанын тебіреніспен айтты және бүгінгі шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Әдеби кеште Адыл Якубовтың өмірі мен шығармаларынан дерек беретін музей экспонаттары мен кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қарнақ» жалпы орта мектебінің директоры Мамуржан Бабаханов өз баяндамасында аталмыш білім ордасына Адыл Якубовтың атын беру туралы ұсынысы көпшілік тарапынан қызу қолдау тауып отырғанын мақтанышпен жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы