ПАРТИЯНЫҢ ФРАКЦИЯ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

417 көрілім

Түркістан қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жиналысы өткізілді. Қалалық мәслихатқа депутаттардың 13-і «Nur Otan» партиясының мүшелері. Онлайн форматта карантин ережелерін сақтай отырып, жүргізілген отырысқа 11 депутат қатысты. Отырыстың күн тәртібіне бір мәселе шығарылды. Ол фракция төрағасын сайлау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков фракция төрағалығына қалалық мәслихат депутаты Сәкен Ханділлаевтың кандидатурасын ұсынды.

Мәслихат депутаттары қалалық мәслихат депутаты, ««Nur Otan» партиясының мүшесі Сәкен Мырзанұлы Ханділлаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Фракция төрағасы Сәкен Хандиллаев

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясының қалалық мәслихаттағы депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған тапсырмалар мен республикадағы басты саяси ұйым «Nur Otan» партиясының стратегиялық бағдарламасы негізіндегі қызметтерді атқаруға барын салады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы