«ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ БАЯНДАП ҚҰТЫЛУҒА ЕМЕС, ІС ЖҮЗІНДЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУГЕ АСЫҒЫҢЫЗДАР!»

410 көрілім

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков тапсырмалардың орындалуына немқұрайлы қарайтын мамандарға нақты шара көрілетінін ескертті. Кеше аяқталу мерзімі белгіленген нысандардың жұмысын аралаған қала басшысы туындаған мәселелерге орай тиісті бөлімдердің жұмысын сынға алды.

Қала әкімі жақында ғана жөндеу жұмыстары басталған Актерлер үйінің құрылыс барысымен танысты. Мердігер компания басшылығы қарашаға дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтауға уәде берді. Бұдан басқа қалалық тазалық, жылу беру, инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тапсырыстарымен жұмыс жасап жатқан мердігер компаниялар құрылысты кешеуілдету себептерімен бөлісті. Бұл сылтаулар шаһар басшысына ұнай қойған жоқ. – Қағаз жүзінде баяндап, сылтауларды тізбектеудің керегі жоқ. Сіздер осы мәселелердің туындауына жол бермей, керісінше шешу жолдарын ұсынуларыңыз қажет. Бір саланың жұмысы ақсаса, қаншама салаға зияны тиетінін түсінсеңіздер игі,-деді Нұрбол Әбдісаттарұлы. Түркістан қаласына жылу беру маусымы бүгіннен басталатын болғандықтан жұмысты ақсатқандарға шара қолданылатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы