«КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ – ЕКПЕ САЛДЫРУ»

664 көрілім

Түркістан қалалық емхананың бас дәрігері Райымбек ТАСЫРБАЕВ:

«КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ – ЕКПЕ САЛДЫРУ»

Қазір әлемде халықты вакцинациялау жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Кейбір елдерде иммундау жүйесі тіпті міндеттелді. Екпе жылдар бойы адам өмірін қауіпті аурулардан аман сақтап келе жатқанымен оның тиімділігіне күмән келтіретіндер бар. Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев екпе пандемиямен күрестегі жалғыз қару болып саналатынын айта келе, оның қандай принцип бойынша жұмыс істейтінін бізге берген сұхбатында түсіндіріп берді.

– Райымбек Берікұлы, жақында халықтық коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау басталып кетті. Екпе алу қаншалықты маңызды және денсаулыққа қандай оң әсері бар?

– Вакцина – өзіңізді және жақындарыңызды «Covid-19» жұқпалы індетінен қорғаудың ең тиімді әдісі. Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, инфекцияны бәрі жұқтыратыны сөзсіз. Сондықтан, оған ағзаңызды алдын-ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғаныспен қамтамасыз еткеніңіз жөн.

Коронавирус әсіресе созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті екені белгілі: оларда аутоиммундық реакция болып (бөгде вирустың орнына организм өзінің сау жасушаларына шабуыл жасай бастайды) асқыну қаупі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан өкпе месебронхпен, жүрек-тамыр ауруларымен және қант диабетімен ауыратын адамдарға вакцинаны мүмкіндігінше тезірек алу ұсынылады. Бірақ алдымен дәрігермен кеңесу керек.

– Қаламызда қанша екпе егу пункті жұмыс жасап жатыр?

– Қаламызда 14 егу пункт ашылған. Атап айтсақ: 1.Айналма тас жолы, 24-ші ғимараты, Пошанов н/з, 1 мөлтек аудан №6 А, Сандыбай н/з, Клиника «Ақмарал» Ғ.Мұратбаев №24, Клиника «Талғат» С.Ерубаев №197 А, Клиника «Ақзере» Б.Майлин №19 Б, ХҚТУ клиникасы Б.Саттарханов н/з, Қуаныш базары Тәуке хан №188, Н.Төреқұлов 35А, Ханшайым плаза ойын-сауық орталығы, Н.Оңдасынов №114 А, Бірлік, Аягөз 5, Балақаев н/з бар.

– Халық арасында екпе алудан қорқатындар бар. Кейбіреулер бас тартып отыр. Осы жағдайға байланысты не дер едіңіз?

– Бүгінгі таңда қол жетімді барлық коронавирустық вакциналар екі дозадан тұрады. Бұл дегеніміз алғашқы инъекциядан біраз уақыт өткен соң, қорғаныш әсерін күшейту үшін сізге екінші компонентін салдыру керек.

Клиникалық зерттеулер кезінде қайталама вакцина бірінші дозадан кейін вакцина түріне сәйкес 14 күн немесе 21 күннен кейін салынады. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдайда екпенің толық компонентін салдыруға келісу қажет: бірінші инъекция ағзаның иммундық реакциясын тудыруы және кем дегенде ішінара қорғауды қамтамасыз етуі керек. Бұл аурудың ауыр ағымын болдырмау үшін жеткілікті болуы қажет. Егер сіз бірінші дозаны салдырғаннан кейін суық тиіп, сырқаттанып қалсаңыз, екіншісін сәл кейінге қалдырған дұрыс. Дәрігерлер бірінші және екінші дозалардың арасында вакцинацияның тиімділігі тұрғысынан ешқандай зиян келтірместен, екі айға дейін үзіліс болуы мүмкін екендігін айтады.

Коронавирустық инфекциядан қорғаудың максималды деңгейіне екінші инъекциядан үш-төрт аптадан кейін, толық иммунитет қалыптасқан кезде қол жеткізіледі.

– Қаламызда вакцина салдырғандардың саны қаншаға жетті?

– Бүгінгі күнге қала бойынша жалпы жоспарымыз 98452 болса, соның 45130 адам 1 компонент салдырса, 26780 адам 2 компонентті толық алған.

– Тұрғындарының көпшілігі қай вакцинаны тұтынуда, қайсысына сұраныс жоғары?

– Нақты мына вакцина дұрыс немесе жақсы деп айтудан аулақпыз. Себебі, барлық вакцинаның негізгі жасалу жолы бірдей. Тек шығарушы елдер және фирмалар басқа болғандықтан, атаулары да басқа. Қазіргі күнге қолда бар вакцинаны толық көлемде ұсынудамыз.

-Вакцина алғандардың арасында жанама әсері болғандар бар ма?

– Адамдардың көпшілігі вакцинаны ешқандай ерекше белгісіз өткізеді. Ал, кей адамдарда инъекция орнында аздап ауырсыну, қызару немесе ісіну, әлсіздік болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұлшық еттерде аздап ыңғайсыздық болуы ықтимал. Кейде дененің қызуы көтерілуі, аздап қалтырау, жүрек айну және лимфа түйіндерінің шамалы ұлғаюы мүмкін.

Мұның бәрі иммунитетті қалыптастырудағы қалыпты реакциялар. Қазіргі уақытта вакцинацияланған адам басқаларға қауіп төндірмейді.

38 градусқа дейінгі температураны төмендетпеу ұсынылады. Егер ол одан жоғары көтерілсе, әдетте суық тигенде қолданатын ыстық түсіретін дәріні қабылдауға болады. Ең жақсысы – парацетамол. Сирек жағдайларда денеқызуының көтерілуі екі-үш күнге созылуы мүмкін.

Ал ауыр жағдайдағы кері әсерлер қала көлемінде қазіргі күнге тіркелмегендігін сеніммен айта аламын.

– Өзіңіз екпе салдырдыңыз ба, қандай әсері болды сізге?

– Өзім вакцина салдырдым. Коронавирусқа вакцина І – компонент 13.03.2021 жылы салынды. ІІ компонент 21 күннен кейін 05.04.2021 салынды. І – компонент вакцина қабылдағаннан кейін өзімді 2 күн әлсіз сезіндім, басым мен қолым қақсап ауырды. Дене температурам 37.5С көтерілді. Яғни екпеден кейінгі әсер жеңіл деңгейде болды, еш асқынусыз өтті.

Егер сізде екпеден кейін қандай да бір реакция болса, онда бұл оның шынымен жұмыс істейтінін білдіреді. Сіздің иммундық жүйеңіз жауап беріп жатыр. Сіз өзіңізді бір-екі күн жайсыз сезінуіңіз мүмкін, бірақ бұл коронавирус пен ауырғаннан әлде қайда жақсы.

Коронавирусты пандемияны жеңудің бірден-бір жолы – бұл ВАКЦИНАЦИЯ.

– Вакцинаны азаматтар өздері келіп алып жатыр ма? Қандай ақпараттық шаралар қолға алынды?

– Қазір білесіздер бұқаралық ақпарат құралдарының әсері өте қатты әсер ететін уақыты. Сол себепті бізде қазіргі күнде ең алдымен үй аралау арқылы түсіндірсек, қосымша әлеуметтік желілер арқылы да насихаттау жұмыстары қызу жүруде. Бұл орайда облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы, қалалық әкімдік тарапынан да қала ішіндегі үлкен көшелер бойына бильбордтар ілінді. Арнайы видеороликтер жасалып, әлеуметтік желі және жергілікті телеарналар арқылы таратылды.

– Вакцина алғаннан кейін иммунитет қанша жыл сақталады?

– Бұл сұрақтарға нақты жауап беру қиын. Өйткені, Sars-Cov-2 вирусы бір жылдан астам уақыт бұрын ғана табылған. Алайда, вирус мутациясының динамикасына және онымен байланысты қоздырғыштарды зерттеу тәжірибесіне сүйене отырып, иммунитет ұзақ сақталады деп айтуға болады.

Алайда, жоғарыда айтылғандай, вакцинация нәтижесінде алынған иммундық қорғаныс табиғи иммунитеттен өзгеше. Ғалымдардың пікірінше, вакцинацияның әсері екі жылға дейін созылуы, тіпті одан да ұзақ уақытқа жетуі мүмкін.

Әрбір вакцинацияланған адам білуі керек еңбасты нәрсе – екпе инфекцияда немесе аурудың ауыр ағымынан қорғайды. Коронавирустан өлу немесе реанимацияда жату ықтималдығын вакцина іс жүзінде нөлге дейін азайтады.

– Әлі вакцина алып үлгермеген азаматтарға не айтасыз?

– Вакцина кез-келген созылмалы ауруы бар адамдарға ұсынылмайды. Сол себепті алдын ала қорқып, үрейленудің қажеттілігі жоқ. Емдеу мекемесіне келсе, сондағы медициналық қызметкерлер денсаулық жағдайын толық бағамдап, салдыруға қарсы көрсетілімдерді анықтайды. Атап айтқанда:

Өршу сатысындағы (онкологиялық науқастарды қоса алғанда) немесе кез-келген басқа белсенді түрдегі инфекциясы бар, дене қызуы көтерілген адамдарға екпе салдырмаған жөн.

Кейбір препараттарды қабылдау вакцинаның тиімділігін төмендетеді, бірақ оған кедергі келтірмейді.

Егер екпе салардан бір немесе екі күн бұрын сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, вакцинаны кейінге қалдырған дұрыс.

Созылмалы аурулардың өршуі жағдайында вакцинаны сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан соң жасау ұсынылады.

Егер тұмау сияқты жеңіл ЖРВИ-мен ауырған болсаңыз, екпені ертерек ала аласыз. Науқастың дене температурасы табиғи түрде қалыпқа келгеннен кейін және ол дәрі ішуді тоқтатқаннан кейін вакцина жасауға болады.

Сізге екпенің жанама әсерлерін азайту үшін дәрі-дәрмектің қандай-да бір түрін инъекция қарсаңында немесе инъекциядан кейін бірден қабылдауға кеңес беретін адамдарды тыңдамаңыз. Дәрігерлер мұндай кеңестің пайдасыз ғана емес, сонымен бірге зиянды екенін айтады.

– Райымбек Берікұлы, келелі сұқбатыңыз үшін көп рахмет!

Сұқбаттасқан:

Балдәурен ЖҰМАБЕКОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы