ҚАЗАҚ РАДИОСЫ – ҒАСЫР ЖАРШЫСЫ

778 көрілім

Университетте Қазақ радиосының 100 жылдығына орай, «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ радиосы – ғасыр жаршысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға ХҚТУ ректоры Жанар Амангелдіқызы, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің ресми өкілі Бақыт Жағыпарұлы, Қазақ радиосының Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі Ерсұлтан Әмірбек, радиожурналист, ақын, ХҚТУ докторанты – Серік Сейітман, Ермахан Шайхы, Жандос Жұмабек сынды елімізге танымал журналистер қатысты. Аталған шараны өткізудегі негізгі мақсат, ұлтымыздың үнжариясы Қазақ радиосының бай тарихымен таныстыру. Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойын атап өтуге үлес қосу. Университеттің оқу базасында студент жастарға – радиохабардың құрылымы мен радиодағы сөйлеу мәдениетін, радиодағы тікелей эфир заңдылықтарын таныту. Жас журналистерге радио журналистиканың қыр-сырын үйрету.

Шара аясында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің ресми өкілі Бақыт Жағыпарұлымен екі жақты әріптестікті дамыту мақсатында меморандум түзілді. Сондай-ақ, оқу ордасының студенттері үшін «Қазақ радиолары» дәріс кабинетінің лентасын қию рәсімі өтті. Жиын соңында радио саласының майталмандары студенттерге шеберлік сағатын өткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы