КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТКІЗІЛУДЕ

2  094 көрілім

«Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары Ақиқат Абдуллаев пен Жәмила Сүлейменова қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп, олардың мәселелерін тыңдады. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Әнуарбек Исабеков жүргізіп отырды. Алғашқы қоғамдық қабылдауға келген үш азаматтың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, табиғи газ, әлеуметтік бағытындағы сауалдар төңірегінде өрбіді. Депутат Ақиқат Махмұдұлы тұрғындардың көтерген мәселелерін тыңдап, оларға заң аясында өзінің кеңесін беріп, шешу жолдарын қарастырды.

Ал, қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменованың кезекті қоғамдық қабылдауына келген қала тұрғыны Б.Нажиқанов тұрғын үй кезегіне тұра алмай жатқанын алға тарты. Оған қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ә.Омаров Б.Нажиқановқа ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында атап көрсетілген тұрғын үй кезегіне тұру үшін мемлекет талап етілген 11 санаттың ешқайсысының қатарына енбейтінін, сол себептен қол жеткізе алмай отырғанын, зейнет жасына шыққан уақытта үй кезегіне тұра алатынын, ал екінші жолы мемлекеттік қызметте жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Қалалық мәслихат депутаты Ж.Сүлейменова мен қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров қала тұрғыны Б.Нажиқановқа көтерген мәселесінің оңды шешу мақсатында қалалық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыссыз ретінде тіркеп, жұмысқа орналастыруды ұсынды. Алайда, қала тұрғыны Б.Нажиқанов зейнетке шыққан уақытымда кезекке тұрармын, басқа жұмыс жасауға денсаулығының жарамайтынын айтып, көмек қолын созған азаматтарға алғысын білдірді.

Бұдан бөлек, қала тұрғындары Күлханыс Серікбаева өзі тұратын Н.Төреқұлов көшесіндегі үйінің мемлекеттік мұқтажы үшін сүрілетіндігі (снос) туралы сұраса, Кәмила Серікбаева өзінің көпбалалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын, алайда кезек жылжымай жатқанын алға тартты. Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштерін тыңдаған қалалық мәслихат депутаты Жәмила Төреханқызы олардың мәселелерін жан-жақты қарап, заң аясында көмек көрсетілді. Қала тұрғындары қалалық мәслихат депутаттары мен тиісті бөлім басшыларына және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына өз алғыстарын жеткізді.

Қуаныш ТАСЫБАЕВ,

«Түркістан».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы