Президент бастамасын қолдаймын

1  911 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” деген тақырыппен Қазақстан халқына Жолдау жасады. Жолдаудың Ү бөлімі білім саласына байланысты «Қолжетімді әрі сапалы білім» деп аталды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкені жайлы, осы сәтте білім саласының тәсілі мен мазмұны түбегейлі өзгергенін атап өтті.
Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты ұстаздардың қашықтықтан, онлайн жұмыс жасауында кездесіп жатқан қиындықтар мен кемшіліктер уақытша дүние. Әрбір ұстаз үшін шәкірттерге қашықтан сапалы білім беру маңызды. «Білімді елдің болашағы зор» демекші елдің болашақ тұтқасын ұстайтын азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуде ұстаздар қауымының еңбегі орасан.
Сонымен қатар білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымының жалақысын көтеру туралы Президенттің бастамасын қолдаймын. Қиын қыстау кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қандай жағдай болмаса да білімнің әрқашан да маңызды екенін атап өткім келеді.

Жұмабаев Қанат Ибрагимұлы,
№14 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы