Пандемияға қарсы күресте жеңіске жетеріміз анық

1  349 көрілім

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1-қыркүйегіндегі Жолдау еліміздің басты байлығы – адами дамуға арналды және онда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды салалар қозғалды. Қазақстан дамуының ең басты бағыты. Бұл ретте сапаның артуы, оның ішінде, өндіріс, білім сапасы мен ғылыми ізденіс нәтижелерін арттыру – Президент Жолдауының басты мақсаты болып отыр. Мемлекет басшысының барлық Жолдаулары – еліміздің әрбір мүшесіне арналған стратегиялық құжат. Сондықтан әр адам өзін «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істеуім қажет?» – деген сұрақ төңірегінен іздеуі керек. Жолдауда осы мақсатты жүзеге асыру үшін атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен толық қарас¬тырылған.
Жолдаудың әр бөлігі, әр сөйлемі Қасым-Жомарт Кемелұлы іске асырып жатқан “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасымен тығыз астасқанын байқауға болады. Яғни, Жолдау қазақстандықтарды мазалаған ең көкейкесті мәселелерге құрылып отыр. Соның бірі – азаматтарға барынша сапалы қызмет көрсететін билікті құру болса керек.
Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орнында өздерінің мемлекеттік биліктің мүддесін білдіретінін түсінуі, осыған орай азаматтардың әрбір пікіріне барынша мұқият және мүдделілікпен қарауы, қай жерде және қандай себеппен туындаған мәселе болсада халықтың ой пікіріне құлақ асып бірлесіпе шешілуі тиіс.
Сол секілді қазіргі таңда белең алып тұрған жағдай ол пандемия. Мен спортшы ретінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының пандемияға қарсы бағыттарының нақты әрі дұрыс екендігін атап айтқым келеді. Президенттің жолдауында пандемияның өршіп тұрған шағында медицина, әскери, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер және әрбір азаматтың өзіндік қосқан үлесі бар екендігін атап алғысын жеткізді. Мен қарапайым халық ретінде, әрі жас спортшы ретінде өзімнің және жақындарымның денсаулығы үшін барынша сақтық шараларын ұстана отырып Президенттің алғысын жылы қабылдадым. Біз спортшылар әрбір кезде қарсыласымызға боз кілемде бапкерлеріміздің баптаған айла тәсілдерін қолдану арқылы жеңіске жетіп отырамыз. Сол секілді пандемия кезеңінде жалпы ұлттың бапкері ретінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының пандемияға қарсы бағытын қолданып, қолдау білдіріп қазіргі басты әлемдік қарсыласымыз пандемияға қарсы күресте әлемдік аренада әлбетте жеңіске жетеріміз анық.

Әшірбай Белгібай Берікбайұлы.
Түркістан қаласының тұрғыны,
еркін күрес спортшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы