101 ҚЫЗМЕТІ ЕСКЕРТЕДІ…

3  746 көрілім

Газ қондырғылары (ГБО) орнатылған автокөліктердегі қауіпсіздік шаралары!

Қазіргі таңда тұрғындар жеке автокөліктеріне газ қондырғыларын орнату көп кездесуде. Жеке автокөлікте газ қондырғыларын орнату барысында және өрт шыққан уақытта төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау керек:

– Қозғалтқышты дер кезінде өшіру қажет;

– Шығыс винтелін жабу қажет;

– Өрт сөндіргіш және құммен өртті өз күшімен сөндіруге әрекет жасау қажет;

– Газ орнатылған автокөліктерде арнайы газ орнатылған белгі болуы керек;

– PARKING немесе жер төлелерге газ қондырғылары орнатылған автокөліктерді қоюға болмайды.

Өрт оқиғасын көрген жағдайда Түркістан қаласы бойынша «101» және «112» телефондарына хабарласыңыздар. Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары өрт қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтаңыздар.

Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Әзиз БАЙТАС.

Сурет ашық дереккөзден алынды.             

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы