ШАРДАРА КОРОНАВИРУСТАН ТОЛЫҚТАЙ АРЫЛДЫ

767 көрілім

Түркістан облысы, Шардара ауданында бірде-бір коронавирус науқасы қалмаған. Аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөлімінен бүгін соңғы емделуші жазылып шықты.

Жалпы, бұған дейін Шардара ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 43 науқас тіркелген болатын. Бір адам созылмалы ауруларының асқынуынан қайтыс болған. Қазірде жазылып шыққан барлық науқастардың жағдайлары жақсы.

Тағы айта кететін жайт, ауданда вирусты пневмония ауруына шалдығушылардың да саны азайғаны байқалады. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 40 адамға есептелген провизорлық орталық 20 төсек-орынға қысқарған. Науқастар жоспарлы емге қабылдана бастады.

Ал, Түркістан облысы бойынша 440 инфекциялық төсек-орны 2 есе азайды. 1941 провизорлық төсек-орынның 1020-сы қысқарды. 1136 төсек-орын науқастарды жоспарлы емге қабылдауға бейінделді. COVID-19 расталған науқастар саны – 3032. Бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, аурушаңдық төмендеді. Жалпы сауығып шыққандар саны – 2616. Яғни, сырқаттанғандардың 86,2 пайызы.

Бауыржан НАЙМАНОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы