ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

808 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына үндеуінде ел аумағында дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды анықтауды және дәріханалардағы баға тұрақтылығын жіті бақылауға алуды тікелей құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырған болатын.

Осыған орай «Мақтаарал Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Сүндет Кенжебаев бастаған жұмысшы топ аудандағы Атакент кентінде орналасқан дәріханалар мен сауда орталықтарына, ірілі-ұсақты дүкендерге рейдтік шарасын өткізді. Дәрі-дәрмектердің шектік бағадан аспауын бақылау, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы шара барысында санитарлық талаптарды сақтамаған, ережеге мойынсұнбаған 4 дәріханаға айыппұл салынса, 3 дәріхана мен 3 дүкенге ескерту жасалып, хаттама толтырылды.

Елдегі жағдайды өздерінің теріс мақсаттарында пайдаланғысы келетіндердің жолын кесу мақсатындағы рейдтік шаралар алдағы уақыттарда да барлық ауылдық округтерде жалғасатын болады.

Бауыржан НАЙМАНОВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы