ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

779 көрілім

Газетіміздің өткен санында қала аумағы бағытында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жайында жазған болатынбыз. Бұл істі жүзеге асырушы қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі екенін назарларыңызға салып, бүгінде жұмыспен қарқынды айналысып жатқанын айта кетейік. Аталмыш бөлім атқарылған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жоспарларымен бөліскен болатын. Соған тоқталайық.

Жоспар аясында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының екінші кезеңі бойынша бүгінгі таңға құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны 2 110 749 млн. теңге. Қазіргі уақытта межеленген жұмыс яғни, 28,4 шақырым газ құбыры салынды. Құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталып, мемелекеттік қабылдаудан өткізілуде. Сонымен қатар, Иассы мөлтек ауданы, Ыждыхат тұрғын үй массивінің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының үшінші кезеңі бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары іске асуда. Жобаның құны 1 618 273 млн теңге. Нысанның қаржысы толық игерілген. Жоба бойынша 115 997 шақырым газ құбыры толығымен монтаждалып, арнайы құрылғылар орнатылған жәшіктері 100 пайызға және жәшік төсемшелері (кавер) – 100 пайыз орнатылды. Жоба жүзеге асқан жағдайда 4 161 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Шавгар мөлтек ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету құрылысының екінші кезең аясында бүгінгі таңға құрылыс-монтаждау жұмыстары да қарқынды жүруде. Жобаның құны – 1 691 077 млн теңге. Бүгінгі күнге 113 231 шақырым газ құбыры толығымен монтаждалып құрылыс жұмыстары 100 пайызға аяқталды.

Иассы мөлтек ауданына қарасты Тұран (Оралман) тұрғын үй массивінің тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда құрылыс монтаждау жұмыстары жүруде. Жобаның құны 2 895 491 млн теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстары қазіргі уақытта 85 пайызға аяқталған. Жоба жүзеге асқан жағдайда 6 195 абонент табиғи ғазбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Иассы мөлтек ауданына қарасты Бірлік тұрғын үй массивінің және Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатындағы екінші кезең аясында бүгінгі таңға құрылыс монтаждау жұмыстары тоқтаусыз жүруде. Жобаның құны 1 539 448 млн теңге. 113 106 шақырым газ құбыры салынып, құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталды. Осы аталмыш жоба жүзеге асқан жағдайда 3 036 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Отырар мөлтек ауданындағы «Шипа су» аумағы, Шавгар мөлтек ауданы (Туб-больница аумағы), Қызылорда тас жолы бойындағы Иассы және Сауран мөлтек аудандарының жаңадан қоныстанған тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Нысанның сметалық құны – 2 517 534 мың теңге. Бүгінгі таңға жоба бойынша 148 036 шақырым газ құбырының 105 004 шақырымы жүргізілді. Жоба жүзеге асқан жағдайда 6 543 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

Бұл жобаның тыңғылықты атқарылуы қала әкімдігінің бақылауында. Осыған дейін шаһар басшысы Р.Аюпов бұл жұмысты жауапкершілігіне алған бөлімге көңілі толмайтынын айтып, жұмысты ширатуды жүктеген. Сол жолда газ құбырын әрбір тұрғынүйдің тұсына жеткізіп беруді меже етіп отырған бөлімнің жұмысы жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Ал, жеке үйлеріне газ кіргізу мәселе тұрғындардың өз белсенділігіне байланысты. «Қыстың қамын жаз ойла», демекші күн суытқанда көмір іздеп әбігерге түспес үшін шаңырағыңызға газ кіргізуге осы күннен кіріскен абзал демекпіз.

Ақберен АМАНГЕЛДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы