5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

1  165 көрілім

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге келесі шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

Қалалар мен өңірлер арасында блок-бекеттер орнатылмайды. Қозғалысқа ешқандай анықтамалар талап етілмейді. Бұрын айтылғандай, өңірлер арасындағы автобус қатынасы тоқтатылады.

Сондай-ақ 5 шілдеден бастап шаштараз, базарлар мен мешіттер қайта жабылады. Тарқатып айтсақ:

Сұлулық салондары, шаштараз, спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер, азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар, жағажайлар, аквапарктер, мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар, ойын-сауық орталықтары, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), діни нысандар және т. б. (СОСО-дағы ойын-сауық орталықтары, ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары), кинотеатрлар, балаларды сауықтыру лагерлері, фудкорттар, банкет залдары).

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің кемінде 80%-ның қашықтан жұмыс істеу режимін сақтау;

Алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтарының қызметін сақтау;

Дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметін сақтау;

Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың қызметін сақтау: ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары; үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары; ашық ауадағы құрылыс жұмыстары; ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары; халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, ХҚКО-лар, екінші деңгейлі банктер (уақыт бойынша шектеу енгізумен).

Карантин талаптарын бұзған жағдайда салынатын айыппұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов былай деп мәлімдеді:

«Бүгінгі күнге келетін болсақ, вирустың таралу себебі – ескертулерге немқұрайлы қарап, құлақ аспағаны десек артық емес. Біздің ел тығылып, той тойлап, бетперде киюді әлі де ұят санайтындар да жоқ емес. Мысалға, артқы есіктен кіріп қыз ұзату, аулаға той жасау, құдалық өткізу, ас беру, туған күн тойлау сияқты басқа да іс-шаралар толып жатыр. Оған өздеріңіз де, көптеген азаматтар да куә» деді. Сондай-ақ, осындай шараның соңында кемінде 20-дан адам ауруханаға түсіп, қаза болып жатқандар да мәлім екенін атап өтті.

«Ең алдымен жеке басымыздың жауапкершілігі, отбасымыздың алдындағы және қоғам алдындағы жауапкершілік болу қажет. Заң тарапынан жауапкершілік қарастырылған. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға – 83000, заңды тұлғаларға – 600 мыңнан астам айыппұл салынады» деді Е.Тоғжанов.

«Белгіленген 14 күндік карантин бойынша мониторинг жүргізіліп, қорытындылар шығарылатын болады. Нәтиже бермеген жағдайда шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылданады. Күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе – медициналық мекемелердің КВИ-мен ауырғандарды емдеуге арналған жатын орын санын арттыру. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, шілде айының соңына дейін, инфекциялық, провизорлық орын саны 50%-ға өсіп, 28 мыңнан 42 мыңға дейін жеткізілетін болады», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, тамыз айына дейін ПЦР-тесттермен қамту тәулігіне 30 мыңнан 39 мыңға жеткізілетін болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы