ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН ПОЛИЦИЯ АРДАГЕРЛЕРІ

896 көрілім

Елімізде сан түрлі мағынасы мен мәні бөлек мерекелер бар екені белгілі. Солардың ішінде өзіндік даралыққа ие мереке қатарында – Қазақстан полиция күні аталып өтеді.

Бұл мерекенің ерекшелігі қазақстандық полицияны құрған ардагерлер мен оның қатарында еңбек ететін қызметкерлерге алғыс білдіріп, еліміздің тыныштығын, орнықтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған, сонымен бірге бейбіт күнде ел үшін өз өмірін құрбан еткен полицейлерді еске алатын сәт.

Біз осы бір мереке қарсаңында полиция саласында тер төккен екі ардагеріміз туралы айтпақпыз. Ерлік атаулының мәңгі өлмесін, еңбектің жемісі ешқашан ұмтылмасын ескерсек ол кісілер туралы үнсіз қалуға болмас.

Әуелгі кейіпкеріміз Батырхан Сансызбаев ішкі істер саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Атап айтар болсақ 1981-1990 жылдары қаламыздағы күзет бөлімінің милиционері, 1990-1991 жылдары қалалық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, 1991- 2003 жылдары тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, 2003-2005 жылдары ішқі істер басқармасының учаскелік аға инспекторы болып даңқты қызметтер атқарды. Ал 2005 жылы зейнетке шығып мағыналы ғұмыр кешуде. Міне осы жылдары қаншама ауыз толтырып айтар жұмыстар атқарды, қала тұрғындарының амандығы үшін тынымсыз еңбек етті. Жасаған істері қала халқының жадында терең сақталған.

Ардагер азаматымыздың енді бірі Бақытжан Бейсембаев. 1985 жылдың мамыр айында КСРО Урал әскери округінің 63577 әскери бөлімінде әскери борышын өтейді. Содан 1985-1992 жылдары Чапаев атындағы колхозында құрылысшы, Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау инспекторы, 1993-1994 жылдары ішкі icтеp бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегі бөлімшесінің инспекторы, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік аға инспекторы, 1994-1997 жылдары аудандық iшкi icтep бөлімінің штаб бастығы, бөлім бастығының орынбасары, 1997-2004 жылдары қалалық ішкі істер басқармасының штаб бастығы, атаулы басқармада кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегi бөлім бастығы секілді қызметтер атқарған. Сөйтіп еңбек өтілінің толуына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Арнайы шені – полиция подполковнигі.

Енді осы қос азамат зейнет жасына шықса да қоғаммен байланыса отырып, әлеуметтік жұмыстарды жалғастырып келеді. Еткен еңбектерін тізіп шығу мүмкін емес. Оны санап та тауыса алмасымыз анық. Атқарған игі істерінің қатарында қаламыздың қазыналы қарттарының күніне орай «Дети войны» медальдарын дайындап, сыйға тартып қуантып тастағаны бар. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойын ескере отырып, арнайы түрде «Ұлы Жеңіске 75 жыл» мерекелік естелік медальдарын соғыс ардагерлерімізге, тыл ардагерлеріне табыстады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, қос ардагеріміздің халыққа жасаған игі жақсы істерін айтып отырмыз. Қазақстан полиция күніне орай осы бір азаматтарды мерекесімен құттықтаймыз.

Жарқынбек Құлбайымбетов, Пернетай Досыбеков, Жақсыбек Бейсенов, Өтепберген Қуанышбаев, Асылтай Орымбетов, Әбдікамал Әшімбеков, Шора Исмолдаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы