«ДАМУДАН» ҚОЛДАУ АЛЫП ДАМЫҒАНДАР

77 көрілім

Жуырда қаламызда «Даму» Қоры Түркістан облысы филиалының мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындарымен танысу ПРЕСС-ТУРЫ өткен болатын. Аталмыш жиында «Даму» қоры БАҚ өкілдерімен біріге отырып, өздерінің қолдау алған мекемелердің жұмыстарымен таныстырды. Атап айтар болсақ, қаламыздың орталығында орналасқан ««TULĞA SCHOOL» ЖШС көшбасшылар мектебі, «НУР-СТРОЙ ЛТД» ЖШС кәсіпорыны сондай-ақ, «SEM BRAND» ЖК үстелдер мен орындықтар, жұмсақ дивандар жасау, көтерме және бөлшек сауда дүкендер желісінің жұмыстарын өз көздерімен көріп, ондағы қиындық пен қызыққа да куә болды.

Қаламыз күн өте дамып келе жатқандықтан әр мекеменің жұмысымен танысып, ондағы қызметтердің міндетін білу де БАҚ өкілдеріне айтарлықтай қызық болды. Сөзімізге дәлел, аталмыш әр мекеменің табалдырығынан аттап, ондағы жұмыс барысын өз көздерімен көруі. Аталған мекемелердің жүйелі жұмысымен сіздер де таныс болыңыздар.

«TULĞA SCHOOL» ЖШС – жалпы білім беретін пәндерді де, бейіндік курстарды да қамтитын білім беру мектебі. Мектеп 7-сыныптан кейін оқушыларды қабылдайды. 2023 жылы мектеп «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан инвестициялық мақсатта жылдық 21,75%-бен несие алды. Мектеп Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында субсидияланады. Қазіргі таңда мектептің төлейтін несиесінің мөлшерлемесі 8 пайызды құрайды.

«НУР-СТРОЙ ЛТД» ЖШС – құрылыс нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – темірбетон бұйымдарын шығару, сонымен қатар металл бұйымдарын өндіру. Компания Кәсіпкерлікті дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына қатысудың арқасында «Банк «Bank RBK» АҚ-тан өндіріске арналған арнайы жабдықты сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға жылына 19%-бен қаражат алды, оның 12%-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.

«SEM BRAND» ЖК – өз өнімдерін «SEM-BRAND» сауда белгісімен өткізетін кәсіпорынның негізгі бағыты: тұрғындардың тапсырыстары бойынша үстелдер мен орындықтар, жұмсақ дивандар жасау, көтерме және бөлшек сауда дүкендері арқылы сату. Қазақстан нарығында 2 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан құрал-жабдықтарды алу үшін жылдық 21,75%-бен несие алды. Жоба «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында субсидиялануда, қазір кәсіпорын үшін несие мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды.

                                                                                         Ержан СМАҒҰЛ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы