Электромагниттік өрістердің адам денсаулығына әсері

130 көрілім

Электромагниттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі антропогендік сәулелену көздері тудыратын электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) әсеріне байланысты халықтың денсаулығына елеулі түрде артқан қауіппен айқындалады. Адам қоныстану аумақтарында, өндірістік жағдайларда, тұрғын, әкімшілік, кеңселік үй-жайларда, білім беру және емдеу-профилактикалық мекемелерде электромагниттік өрістің әсеріне ұшырайды.
Электромагниттік толқындар адам ағзасындағы қолайсыз өзгерістерге:

  • орталық жүйке-жүйесінің бұзылуына;
  • жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына;
  • қанның морфологиялық құрамының бұзылуына әкеп соғады.
    ЭМӨ қауіпті әсерін болдырмау үшін қандай электр құрылғыларын қолдануды және үйіңізде оларды қалай орналастыруды ойластырсаңыз жеткілікті:
  • электр құрылғыларын бір жерде топтастырмау, оларды бір-бірінің ЭМӨ-сін күшейтпейтіндей етіп орналастыру;
  • электр құрылғыларын асхана, жұмыс үстелі, ұйықтау және демалыс орындарына жақын орналастырмау;
  • балалар бөлмесін ЭМӨ-ге мұқият тексеру, бөлмеде радиомен басқарылатын немесе электрлі ойыншықтардың, планшеттің, смартфонның, ноутбуктың тұрақты түрде болуына жол бермеу;
  • электр құрылғылардың бәрін бір уақытта емес, кезекпен қосу: ұялы телефон, компьютер, ӨЖЖ-пеш, теледидар әртүрлі уақытта қосылуы тиіс;
  • 10 метр радиуста тұрақты магнит өрісін құратын радиотелефон базасын жатын бөлмеден және жұмыс үстелінен оқшаулау.
    Осындай алдын алу шаралары арқылы денсаулығыңызды сақтаңыз!

Н.Нышанов,

Түркістан облысының СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы