ТҮРКІСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН ДАУЫСЫ» ЭСТРАДАЛЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

331 көрілім

Түркістан облысының мәдениет басқармасының қолдауымен ағымдағы жылдың  18-19 маусым күндері, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толуына орай ұйымдастырылған Республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық ән байқауы өткізілді. Екі күнге созылған өнер байқауының мақсаты – Түркістан облысының имиджін қалыптастыру, шығармашыл, дарынды жастарды анықтау мен қолдау көрсету, халықаралық мәдени, туристік байланысты дамыту және нығайту, қазақ музыкасын әлемдік деңгейде насихаттау.

Аталған Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен келген 18-35 жас арлығындағы 17 үміткер қатысып, бекітілген қағида бойынша екі шығарма – Қазақстан композиторларының әндерінен бір ән және өз таңдауы бойынша (вокалды инструменталды ансамбль сүйемелдеуімен) бір ән орындап көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Жас талант иелерінің өнерін саралауға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Медеу Арынбаев, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Президенті сыйлығының иегері, композитор Бейбіт Оралұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық конкурстардың лауреаты, композитор Маржан Арапбаева, Өзбекстан Республикасының Халық әртісі Мансур Ташматов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Жанар Дұғалова сынды өнер майталмандары қазылық етті.

Түркістанда биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы өнер додасында үздікті анықтау оңайға соқпады. Себебі әр өңірдің үздіктері жиналған.

Қазылар алқасының төрағасы Медеу Арынбаев: «Байқауға қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып келген. Ән таңдаулары, дауыс техникасы, сахна шеберліктері мен жауапкершіліктері мықты екенін көрсете білді», – деген тұжырымдама жасап, өз бағасын берді.

Қазылар алқасының мүшесі, композитор Бейбіт Оралұлы: «Әр қатысушы таңдалған әндерімен көп жұмыс жасаған, ноталары анық, таза. Көп қатысушылар ән айтудың мықты шеберлері, халықаралық байқауға тәжірибелері жететін кәсіби музыканттар екендігін дәлелдей түсті» – деп ұйымдастырушыларға өте жоғары деңгейде өткізілген байқау үшін алғысын айтты.

Маржан Арапбаева: Қатысушы үміркерлер байқау барысында  сахнаны еркін меңгергендері, айтулы өнер додасына кәсіби түрде дайындалып келгендері сезіліп тұрды. Әншілер көрермендерді бірден сахна келбетімен жаулап алды. Түркістан облысы мәдениет басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы басшылығының былтырдан айырмашылығы биылғы байқауда байқалды. Әр қатысушы жеке тұлға, өз орындарын алған өнер иелері. Байқау ұйымдастырушылары нақты жұмыс жасап, ән таңдауда, оранжировка жасауда тығыз байланыста болғандары көрініп тұрды.

Қазылар алқасының шешімімен жүлдеге лайықты деген жас дарын иелері таңдалып алынды. Қазылар алқасы жүлделі орындарды өзгертуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы екендіктерін назарға ала отырып, І – ІІ жүлделі орындарды екіге бөліп берді.

Республикалық «Түркістан дауысы» эстрадалық ән байқауы қазылар алқасының құрамы Ш Е Ш І М   Е Т Е Д І:

Бас жүлде – Батталиева Алмагүл(Алматы облысы)  2 000 000 т

І орын   –   АбдухалықДидар (Шымкент қаласы)     750 000 т

І орын–    Бахтияр Ақылбек(Ақтөбе облысы)            750 000 т

ІІ орын -Арқас Айдарбек(Батыс Қазақстан обл)     500 000 т

ІІ орын –   Толғанай Пазылақын(Алматы облысы)    500 000 т

ІІІ орын-Асыл Жомартов (Маңғыстау облысы)         300 000 т

ІІІ орын – Эльвира Нургужина(Нұр-Сұлтан қ-сы)    300 000 т

ІІІ орын – Ернар Амандық (Қызылорда облысы)       300 000 т

Дипломанттар

1.Назрин Мұса(Қарағанды облысы)        200 000 т

2.Жанасыл Елюбаев(Ұлытау облысы)    200 000 т

3.Айдана Риза(Қостанай облысы)           200 000 т

Барлық қатысушыларға Облыстық мәдениет басқармасының арнайы алғыс хаты, бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы