ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

294 көрілім

Түркістан қаласындағы “Тұран” саябағы мен Қызылорда тас жолы бойына гидрантты суғару жүйесі жүргізіліп, саябақ пен Төле би көшесі бойы және “Әлқожа ата” кесенесі аумағы абаттандырылады. Сонымен бірге Майкөтов көшесі бойына желілік саябақ салу жоспарлануда. Абаттандырылатын көшелерде балалар ойын алаңшалары мен демалатын орындардың саны артып, қала көркін ашатын сәулет мүсіндері орнатылады деп күтілуде.

Жалпы жыл ішінде 200-ге жуық көшені көгалдандырып, абаттандыру жоспарланған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шаһар аумағындағы жоспарланған жұмыстар барысын бақылады. Облыс әкімінің орынбасары Түркістанды абаттандыру мен көгалдандыру бағытында жүзеге асырылатын жобаларға қатысты оң пікір білдіріп, ұсыныстардың сараланатынын және оңтайлы шешілуіне жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы