- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған “Яссы” футбол клубы Қазақстан Республикасы чемпионатында II лигасында күміс жүлде иеленді.
Енді команда футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының I лигасында өнер көрсететін болады.
Алғаш болып сөз сөйлеген қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, байрақты бәсекелерде шаһар атын асқақтата беруіне тілектестігін білдірді.
Келесі болып сөз сөйлеген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хакім Көшқалиев команданың әлі талай жетістіктерге жететініне сенімін білдірді.
Шара барысында ҚР кәсіпқой футбол федерациясының өкілі Мұрат Ағыбаев спортшыларға медалдерін тақты.