ШАҺАР КҮНІНДЕ ЭТНОАУЫЛДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

1  207 көрілім

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Осы Тәуелсіздігіміздің арқасында Түркістан шаһары түрленіп, қарыштап дамып келеді. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей облыс орталығы атанған Түркістанның ынтымақ бірлігі жыл санап беки түсуде. Қасиетті шаһарда жұдырықтай жұмылып, тұрмыс кешуіміз Тәуелсіз еліміздің тұғырының биіктей түскенінің кепілі.Түркістан халқы үшін және барша өңір тұрғындар үшін Елбасының Жарлығына сәйкес, облыстың орталығы атанғанына үш жылдан асты. Осы жылдар ішінде Түркістанның жаңа заманғы тынысы ашылып, келешек келбеті айшықталып келеді. Яғни, біз үшін болашақтың еншісінде өте олжалы кезеңдер енді басталмақ. Баршамызға қасиетті қаламыздың жаңа келбетін тамашалау бақыты бұйырып отыр. Әрбір айтулы күнде, әрбір қуанышты сәтте бұл тарихи жаңалықты көкірегімізді қуанышпен кернеп мақтанышпен айта аламыз. Елбасымыз өзі атап көрсеткендей, өңірдің өркендеуіне тың серпін беруін көздеген бұл тарихи шешім көне қаланың әрі қарай дамуына жағдай жасап, айрықша мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз.Сонымен қатар, Түркістан қаласының туристік әлеуеті жыл сайын артып келеді. Қаламызда тарихи ұлттық құндылықтарымыздың кең дәріптелуі жолға қойылған. Соның нәтижесі болса керек, Түркістанда жыл сайын саяхатшылар саны артып келеді.Бүгін яғни, 23 қазан «Қала күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырында Түркістан» атты мерекелік іс-шара Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы этноауылда қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

Мерекеде этноауыл аумағында Түркістан қаласының балалар мен қолөнер мектебі дәстүрлі түрде сәндік-қолданбалы көрме-жәрмеңкесін көпшілік назарына ұсынып, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды ұсынды. Бұл көрменің ерекшелігі сол қонақтар ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік заттардың бірнеше нұсқасын көріп, жіп иіру, кілем тоқу сияқты алтын қолды шеберлердің де өнеріне, бұйымдарына куә болды. Дәстүрлі шараға айналған көрме-жәрмеңкесінде сәндік-қолданбалы өнерді бағалайтын тұтынушылар кәдесыйларды, киіз және жібек бұйымдарды, кілемдер мен зергерлік заттарды, қыш, бейнелеу өнері туындылары мен басқа да сан алуан қолөнер бұйымдарын тек қана тамашалап қоймай, сатып алып жатты. Қала тұрғындары мен қонақтарына мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы