ТАМСАНДЫРҒАН ТӘТТІЛЕР ӘЛЕМІ

1  437 көрілім

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің қай түрін ашып қарасаңызда қолынан бал тамған аспаздардың сан алуан тағам түрлерін және тәтті бәліштерді жарнамалағанын көреміз. Алайда оның қайсы түрі расында дәмді, сапалы екендігіне көз жеткізе алмай ойланып қалатынымыз тағы бар. Осындай тәтті бәліштерді 6 жылдан бері түркістандықтарға ерекше ілтипатпен дайындап ұсынып келе жатқан жас кәсіпкердің бірі Динара Закирова.

Ол ең алғаш бәліштерді үйінде отырып пісіріп бастаған. Кейін келе тәттілері көпшіліктің көңілінен шығып сұранысқа ие болғаннан соң кәсібін үлкейту мақсатында «dinaratort» деген атаумен жеке тәтті пісіретін шағын цех ашады. Атап айтар болсақ Динара бұл кәсіпті несиеге емес өз жеке қаражатына бастаған екен. Қазіргі уақытта онға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Тапсырыстардың көптігіне қарамастан барынша үлгеруге тырысатындықтарын жеткізді. Әр тапсырыс берушінің көңілінен, талғамынан шығу үшін тәттілер тек табиғи сапалы өнімдерден жасалады және бағалары да аса қымбат емес. Дизайны мен сапасы жағынан шетелдің брендтерінен кем түспейтін Динараның бәліштері тұтынушылардың көзайымына айналып, бұл күндері көптеген сұраныстарға ие.

Жас кәсіпкер алдағы уақытта қаланың орталығынан тәттілер сататын дүкен ашсам деген ниетте, оған әрекет те жоқ емес. Осындай тәуекелді талап ететін жұмысты бастап, оның жемісін көріп отырған Динара Закирова өмірлік серігі Шарафаддин Закиров екеуі бір шаңырақ астында 12 жылдан бері тату тәтті өмір сүріп 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған жас отбасы.

Тіл үйірер тәттілерімен тамсандырып жүрген жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілейміз.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы